Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Современные вопросы деонтологии

Автор:   •  Октябрь 3, 2019  •  Статья  •  987 Слов (4 Страниц)  •  452 Просмотры

Страница 1 из 4

ДЕОНТОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Педагог-психолог Советова А.А.

«Көкшетау жоғарғы медициналық колледжі»

Көкшетау қаласы

Аннотация:Берілген мақала деонтологияның тарихы, нормалары, ерекшеліктері және заманауи мәселелеріне арналған. Теориялық медицина мен практикалық денсаулық сақтау мәселелерінің арасында этика-деонтологиялық мәселелер қазіргі уақытта қажетті назардан тыс қалуда.Борыш және жауапкершілік. Борыш пен жауапкершілік-этика мен деонтологияның негізгі мәселелері. Күрделі медициналық жүйелердің пайда болуына байланысты медициналық персоналға қойылатын талаптар айтарлықтай өсті. Әрбір медициналық қызметкер медициналық дағдыларды жетік меңгеруі және қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жұмыс істей білуі тиіс.

Деонтология (deontos - тиісті, logos-ілім) кәсіби қарым-қатынастарды зерттейді. Этика және деонтология ұғымдары кәсіби қызметтің кез келген саласында қолданылады: заңгерлік, агрономиялық және т.б., соның ішінде медициналық. Медициналық этика дәрігер, мейіргерлер, науқас және оның туыстары арасындағы моральдық қарым-қатынасты зерттейді. Медициналық деонтология сол блокта кәсіби қарым-қатынасты зерттейді: дәрігер, мейіргер, науқас, туыстар.

Этика мен деонтологияны дамытудың қысқаша тарихына тоқталып кетейік.

Өз жақындарына медициналық көмек көрсеткен алғашқы адам оны аяушылық сезімінен, қиын жағдайда көмектесуге ұмтылудан, ауырсынуды жеңілдетуден, басқаша айтқанда, ізгілік сезімінен жасады деп ойлауға болады.  Адамгершілік медицинада әрқашан ерекше орын алатын. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін адамдар этика мен деонтология мәселелерін толғандырды: медицина қызметкерінің  мінез-құлқы, науқастарға, олардың туыстарына деген қарым-қатынасы, өзара қарым-қатынасы қандай болуы тиіс. Көптеген елдер мен халықтар дәрігерлерінің ізденістеріне вавилон, египет, үнді, қытай және орыс көне ескерткіштері дәлел бола алады. Бірақ тек ойшыл және дәрігер Гиппократ өзінің атақты "Антында"алғаш рет дәрігер мамандығының моральдық-этикалық және адамгершілік нормаларын қалыптастырды. Ұлы Гиппократ - ол адамды табиғат тәжі деп санаған. Медициналық этика және деонтология жөніндегі I Халықаралық конгреске (Париж 1969 ж.) қатысушылар оны тек бір ғана "өмір бойы оқуға ант етемін"деген сөз тіркесімен толықтыра алады.Медициналық деонтология ұғымы салыстырмалы түрде жақында енгізілді: өткен жүзжылдықтың басында ағылшын ғалымы және философы И.Бентам, адамның кәсіби мінез-құлықтары туралы ғылымның белгісі ретінде атап өткен.

Борыш және жауапкершілік. Борыш пен жауапкершілік-этика мен деонтологияның негізгі мәселелері. Әдепте бұл мәселелер моральдық-адамгершілік қатынастар тұрғысынан қарастырылады. Деонтологияда-лауазымдық (кәсіби) міндеттер аспектісінде.

Медицина қызметкерінің борышы моральдық-этикалық және құқықтық реттеу нормаларында көзделген өз кәсіби міндеттерін білікті және сапалы орындалуын қарастырады, басқаша айтқанда медицина қызметкерінің борышы:

1. Жалпы моральдық ережелер  -бұл әлеуметтік жағдайына, діни нанымына және т. б. қарамастан медициналық көмек көрсету,

2. Кәсіби ережелер бойынша ешқашан, ешқандай жағдайда адамдардың физикалық және психикалық жағдайына зиянды әрекеттер жасамау.

Теориялық медицина мен практикалық денсаулық сақтау мәселелерінің арасында этика-деонтологиялық мәселелер қазіргі уақытта қажетті назардан тыс қалуда. Осыған байланысты халықтан медициналық этика мен деонтологияны бұзу туралы көптеген шағымдар орын алуда. Егер медицина қызметкерінің төмен кәсіби біліктілігі науқасқа немесе оның жақындарына кесірін тигізетін болса, медициналық қызметкердің адамгершілік келбеті-қасиеті төмендеп,  халықтың теріс бағасын  алады. Бұл дегеніміз, мейірімділік ,адамгершілік сияқты қасиеттер сырттан емес, медицина қызметкерінің моральдық өзегі, этикалық нормасы болуы тиіс.

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (128.4 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club