Психология менің өмірімді және кәсібімде
Автор: zhansulualim • Февраль 22, 2021 • Реферат • 413 Слов (2 Страниц) • 558 Просмотры
Психология менің өмірімді және кәсібімде
Мен Алимова Жансулу психолог мамандығында оқимын. Психолог болу менің 9-10 сыныптан келе жатқан арманым. Психология әлемі, психолог мамандығы мені несімен қызықтырады? Психолог ол дәрігер емес, бірақ ол адамның жанын емдейді. Психолог- жәрдемші, психолог-көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан-дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын таңдауымның басты себептері осындай. Себебі мен адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым.
Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшырайды, солай дегенмен де, өмірге деген сенімін, құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылу керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай жағдай болмасын, бар күш жігерін жинап, алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп, жүрегінде де, жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына, барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек. С.Торайғыровтың сөзімен айтқанда; «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу» дегім келеді.
Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Мен де бұл көрсеткіштін өсуіне өз үлесімді қосқым келеді. Мен болашақ психолог ретінде бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда қызмет етеді. Яғни, балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей аламын. Мен психолог маманы болып шығып адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстар жасаймын. А.Энштейн «Психология – болашақтың мамандығы, XXI ғасыр – психология ғасыры» дегендей, адам жанының бағбаны, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісі, асыл қасиеттері мен білімін басқаның бақыты мен зор болашағы үшін сарп еткен психология болашақтың мамандығы екеніне сенімдімін.
...