Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: Balaussssssa04 • Декабрь 5, 2023 • Эссе • 1,007 Слов (5 Страниц) • 110 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «Экономика және бизнес жоғары мектебі»
СӨЖ
Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде (эссе)
Алматы, 2023
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Психология адамзат өмірінің кез-келген саласында
- Психология менің өмірімде
- Менің болашақ кәсібімде психологияның алатын орны
- Қорытынды
Басты тақырыпқа тереңі үңілмес бұрын жалпы психология саласы бойынша түсінігімді баяндағым келіп отыр. Психология - өзімізді жақсы түсінуге, біздің проблемаларымызды және олардың себептерін түсінуге, кемшіліктеріміз бен күш-жігерімізді түсінуге көмектеседі деп ойлаймын. Оның зерттеуі адамгершілік қасиеттер мен адамгершіліктің дамуына ықпал етеді. Психология өзін-өзі жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Қазіргі таңда өмір мен қоғамның барлық салалары дамып, соның ішінде психологияның да маңызы артып жатыр. Қоршаған ортаны, адамдардың табиғатпен байланысын, адам организмі секілді сфераларды толық зерттеп білген соң, адамның жаны, санасы, бейсанасы туралы білуге қажеттілік, қызығушылық пайда болды деп ойлаймын. Психология - өзімізді жақсы түсінуге, біздің проблемаларымызды және олардың себептерін түсінуге, кемшіліктеріміз бен күш-жігерімізді түсінуге көмектеседі. Оның зерттеуі адамгершілік қасиеттер мен адамгершіліктің дамуына ықпал етеді. Психология өзін-өзі жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Отбасы, жұмыс, оқу орындары, жанымыздағы адамдармен қарым-қатынас барысындағы жеке тәжірибелер және де күнделікті өмірде пайда болатын мәселелер, қиындықтарды жеңуге, өз-өзімізбен жұмыс жасап, қателіктерімізді сынға алып, жақсы жағымызға өзгеруге тырысамыз, осының бәрінде бізге психология қалай көмектеседі деген сұраққа жауап іздемекпін.
Адамның психологиялық ой-санасының қалыптасуы, ең алдымен, осы отбасынан алатын тәрбиеге келіп тіреледі деп түсінемін, одан кейін әсер ететін факторлар: адамның ортасы. Мысалы, мектеп кезеңінде мұғалімнен үлгі алып, сыныптастарымен, достарымен сөйлесу немесе қарапайым күнделікті әңгімелесу барысында өзінің көзқарасын, пікірін қалыптастырады. Келесі мысал ретінде дәл қазіргі университеттегі ортаны айта аламыз. Себебі, өзімізге белгілі, университетте әр аймақтан жиналған студенттермен байланыс жүріп, адамның көзқарасының өзгеру дәрежесі өте жоғары. Одан кейінгі сатыға жұмысты алар болсақ, бұл кезең адамның ақыл-ойының сараланатын кезеңі деп те айтсақ болады. Осылайша, адам әр ортада өзін қалай ұстауды үйренеді, саты бойынша дамып жетіліп, өсу процесі байқалады. Адамдардың өзінің болмысы туралы ізденіп, меңгеруі адамзат тарихындағы ең ерекше әрекеттердің бірі деп есептеймін. Бизнес, маркетинг, менеджмент немесе кез-келген бір салада жетістікке жеткен адамдардың кеңесінен осы психология саласына көп көңіл аудару туралы жиі естуге болады. Сол себепті де, психология барлық жетістіктің бастауы деп ойлаймын. Өмірлік миссияны табу, өзіңе ұнамды дағдыларды қалыптастыру, пайда болған мәселелерді шешу, стресске төзімді болу осының барлығы психологияға келіп тіреледі.Тіпті, жақын уақытта жасым бар жоғы он сегізде болса да миссиямды таптым.Әрине оған себеп болған орта мен психологиялық кітаптарымды оқуымда деп білемін. Отбасы тақырыбына қайта оралсақ, қазіргі таңда, көптеген психологтар өмірімізде болатын көптеген сәтсіздіктердің себебін бала кезде отбасы мүшелерінен немесе айналамыздағы адамдардан алатын қандай да бір шектеулер, ауыр сөздер сияқты ренішке алып келетін дүниелермен байланыстырамыз.
Осы орайда өзімнің өмірімдегі психологияның әсерлерімен бөліскім келеді. Бұл бөлімді психология мен үшін өте маңызды деген секілді жай сөздермен емес, өз өмірімнен келтірілген мысалмен бастағым келіп отыр. 11-сынып оқушысымын, болашаққа деген тым көп жоспары бар жанмын. Сабақтарым бестік бағаға толы. «Алтын Белгіге» ұсынылған түлекпін. Бірақ, менің біліміме күмәнмен қараған ұстаздарым, ойыма сәл қаяу салды. Өзі оқытып отырған оқушысын бірнеше рет марапаттан бастартқызуға көптеген әркеттер жасады. Тіпті мектеп психологы алғашқы нәтижемді естігенде төмен алып қалдың ба дегендей сыңай танытты. Ал мен болсам, қолдау, марапат күткен едім. Маған дәл сол сәтте әлі ақ дәлелдеп шығасың деген сөздер керек еді.Бірақ, отбасым әрдайым қолдап, ары қарай шыңдалуыма көмектесті. Сонда да ең алғаш табалдырық аттаған мектебімнен қолдау күткен едім. Бірақ, ғаламтордан психологтардың подкасттарын тыңдап ешкімнің кері тартуына жол бермеуімді түсіндім. Нәтижесінде, ең жоғары балл алып, өзімді дәлелдедім. Демек, қазір, психологтың көмегін аса қажет етпейтіндей мәселелер орын алғанда ғаламтор желілерінен шешімін табуға бағыт-бағдар ала аламыз. Күндік өмірімді жоспарлау, алдағы бір жылдыққа жоспарлар құру секілді жақсы қасиеттерді үйрене бастадым. Сондай-ақ, жақын арада адамдармен байланысымды қалай жақсартамын деген және де жеке өмірімді, университеттегі сабағымды, жұмысты баланста ұстап, күйзеліске ұшырамай қалай бәрін бірге алып жүру керек деген сұрақтарға ізденіп жүрмін. Көптеген психолог мамандардың берер кеңесі күнделікті өмірді жоспарлап отыру, сонымен қатар, ғаламторды ақтару барысында өмірлік баланс дөңгелегі деген қызық тақырыпты көзім шалып қалды. Пол Мейер есімді өзін-өзі дамыту бойынша кітаптардың авторы ойлап тапқан әдіс, расында да, маңызды дүниелерді бірінші орынға қойып, барлығына қалай үлгерудің тиімді жолдарын үйретеді.
...