Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Февраль 17, 2023  •  Эссе  •  489 Слов (2 Страниц)  •  228 Просмотры

Страница 1 из 2

  «Қазақстан Республикасы Ғылым жіне Білім министрлігі, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университет Физика және математика, цифрлық технологиялар институты Физика кафедрасы»

                  [pic 1]                                                                                                        

                             СӨЖ

 

 

Пәні: Психология

Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде

Тексерген:Кулымбаева А.К.

Орындаған: «6В01505– Физика-информатика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Калдымуратова Н.С.

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Алдымен психология дегеніміз не?Осыған тоқтап кетсек.Психология адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым.Грек тілінен аударғанда “психология” сөзін  “жан туралы ғылым” деп аударуға болады. Психология адам өмірінің ең бастапқы яғни сәби кезінен бастап орын алады және де психологияның адам өміріндегі маңызы өте зор.Бірақ көпшілігіміз оның маңыздылығына назар аудармаймыз немесе тіпті байқамаймыз.Адамдар көп қобалжиді,қайғыға да батады біреумен ренжісіп қалада немесе бір сөзді қатты қабылдап қалады,осының бәрі адамдың денсаулығына нашар әсерін тигізу мүмкін,ал психология осы мәселелермен күреседі десек болады.Адамның стресске түспеуіне,ситуацияға обьективті көзқараспен қарауға көмектеседі.Менің өмірімде де психологияның алатын орны аз емес.Жақында ғана мектеп оқушысынан студентке айналдым және студент атануым үшін ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ)өткен болатынмын,бұл тестке дайындыққа мен 9 ай уақытымды арнаған болатынмын және де осы жолда стресске түспеу,қобалжымау мүмкін емес болды.Бұл сынақтан өте аламын ба?Мен ата-анамның,мұғалімдердің артып отқан үмітін ақтай аламынба?Грантқа түсе аламынба? деген ойлар қатты мазалаған болатын,осы ойлар мені көп мазаламауы үшін,стресстен арылу үшін мектебімнің психологымен сынып сағатынан бөлек жеке де кездесетінмін.Олардың менің осы педагогика мамандығын таңдаудағы себепкерлердің бірі болды десем болады.Проф.ориентация өткізіп яғни қандай мамандық бізге жақын екенін білу үшін олар түрлі әдістер пайдаланды және осы арқылы мұғалім болу маған қатты ұнайтынын түсіндім,тіпті кішкентай кезімде өзімді мұғалім етіп ойнатыным да есімде.Сонымен қатар мектеп психологтары ҰБТ алдындағы қоқынышпен күресуге де көмектесті.Ал психологияның кәсібімдегі орнына келетін болсақ,бұл салада да оның орны алдыңғы қатарларда десек болады себебі мұғалім бұл оқушының кеңесшісі,оның екіншісі анасы десек болады.Оқушының психологиясын білу мұғалімнің жұмысын біраз жеңілдетеді.Оқушымен бірге түрлі жұмыстар өткізіледі,сынып сағатынан бөлек оқушы жеке келіп ақыл сұрауға да келуі мүмкін,себебі ол сізді өміріндегі ең ақылды жандардың бірі ретінде қабылдайды,сізге сенген соң,сізді жақын көрген соң кеңес сұрайды,осындай кезде оқушының бетін қайтармай оған көмектесі үшін психологияның негіздерін білу маңызды деп ойлаймын.Қорытындылай келсек,психология менің өмірімде де,кәсібімді де алдыңғы қатарларды алады.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (157.7 Kb)   docx (72.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club