Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Ноябрь 18, 2022  •  Эссе  •  1,407 Слов (6 Страниц)  •  280 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

 

Факультеті: Химия және химиялық технология

                              СӨЖ           Тақырыбы: «Психология менің өмірімде және кәсібімде»

                                                                    Орындаған:НисинбаеваС.Т.                                                                                                                                                                        

                                                                 Тексерген: Закарьянова Ш.Н.

 

   Психология  ілімі  адам  өміріне  маңызы  зор,  психологияға  үңілген  сайын адам  өз - өзін  танып,  жаңа  өмірге  қадам  баса  бастайды.  Адам  өміріңде  ақ пен  қараға  толы  жағдайлар,  түрлі  оқиғалар  болып  жатады,  сол  кезде адамның  өзін - өзі  ұстауы,  мінез - құлқы  жайындағы  ғылым  –  психология.       Менің  психологияға  деген  қызығушылығым  мектеп  кезінде  арта  түскен, психология  жайлы  түрлі  кітаптар  оқып,  өзімнің  жан  дүниемді  танып,  өзіме деген  сыйластығым  жақсарып,  түрлі  жағдайлардың  ішкі  балалық  кездегі жаралардың  есебінен  болатынын  және  оның  адамның  өміріне  қалай  әсер  ететінін  білдім.  Жалпы  психология  ол  –  өмір.  Психологияға  үңіле  берсен  сұрақтарыңа  жауап  табасың.  Күнделікті  өмірде,  оқуда,  жұмыста,  жеке  өмірімізде  болып  жатқан  жағдайларды  шешуде  біз  психологияға  жүгінеміз.  Адамдарды  танып  білу  үшін  де  психология  қажет.

   Психология  тек  психологтарға  ғана  емес,  басқа  да  салада  жұмыс жасайтын  мамандарға  да  аса  қажет.  Мен  болашақ  –  фармацевт  маманымын. Мен  тікелей  адамдармен  қарым - қатынаста  жұмыс  жасауым  міндет  болғандықтан  психология  ілімін  меңгеру  мен  үшін  өте  маңызды.  Себебі,  жұмыс  жасау  барысы  адамдармен  тығыз  және  үнемі   қарым - қатынаста   болғандықтан,  қалай  араласу,  сөйлесу  керектігін   білуім  қажет.  Адамдармен  коммуникация  жасай  білу  өте  маңызды,  алайда  оны  көбісі  аса  меңгере  алмайды.  Әрбір  жұмыстың  артында  өзінің  сұраныстары  мен ерекшеліктері  бар  тұлға  тұрады.  Өмірдегі  әрбір  процесс  адамдар  арқылы  жүзеге  асады,  осы процесспен  бірге  даму  үшін  әр  адамның  психологиясын,  жаратылысын, міңез - құлқын  түсіне  білу  қажет  деп  ойлаймын,  ал  оны  түсіне  және  біле келе  адам  көптеген  нәтижелерге  ие  болады.

  «Психология»  ұғымы  грек  тілі   аудармасында  «жан  туралы  ғылым»  деген мағынаны  береді.  Бұл  –  адамның  дара  тұлғалық  психикасын,  жан  дүниесін, сан  алуан  сезімдерін  сыртқы  ортамен  өзара  әрекетін  зерттейтін  ғылым. Негізінен  теориялық   және  практикалық  бағыттарды  қарастырады,  сонымен қоса  қолданбалы  бағыты  да  алуан  түрлі.

   

   Қоғамда  психологияның  құндылығы  оған  сұраныс  артқанда  ғана  көбейе түседі.  Адамдар  қиын  өмірлік  жағдайларға  тап  болған  кезде  психолог  мамандарына  жүгінеді   және  бәрі  байыппен   болған  кезде  психологтың көмегіне  қажеттілік  аса  туындамайды.  Сондықтан  психологиялық қызметтерге  сұраныс  пайда  болуы  үшін  адамдар  оның  маңыздылығын түсіне  білуі  және  сезінуі   керек.  Жалпы  қазіргі  кезде  психология  халық арасында  танымалдылыққа  ие  сала  болып  табылады,  себебі  заман  ағыны бұрынғыға  қарағанда  әлде  қайда  тез,  барлығына  үлгеремін  деп  адам моральді  түрде  шаршайды,  депрессияға  ұшырайды,  адамдар  арасында түсініспеушілік  болып  жатады,  тіпті  адам  өзін  түсінуден  қалатын  кездер болады,  сол  кезде  бізге  психология  әлемі  көмектеседі.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (140.9 Kb)   docx (94.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club