Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Февраль 18, 2022  •  Эссе  •  2,518 Слов (11 Страниц)  •  717 Просмотры

Страница 1 из 11

                    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі                             
                     
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

                 

                   Факультеті:«Экономика және Бизнес жоғары мектебі»

                 Кафедрасы:«Қаржы»

[pic 2]

Тақырыбы: Эссе «Психология менің өмірімде және кәсібімде»

                       Орындаған:Шәбдезім Аяжан Нұрланқызы

             Тексерген:Закарьянова Шынар

                                                 Алматы, 2021ж

                         Психология менің өмірімде және кәсібімде               
      Психология маған және жалпы адамзатқа не үшін қажет?Алдымен психология ұғымының мәнін ашып алайық. «Психология» грек тілінен аударғанда «жан туралы ғылым» деген мағынаны береді.Психология-адамның жанын,рухани дүниесін және психикалық өмірін зерттейтін,маңызды әрі ең қызықты ғылымдардың бірі.Сан алуан заттар мен құбылыстарды,оқиғалар мен көріністерді көре отырып, олардың бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін есте сақтаймыз немесе ұмытамыз,біріне зейін аударып қарасақ,енді біреуіне мүлде көңіл бөлмейміз,осы құбылыстардың барлығы- біздің психикамыз.Ежелгі грек философы Сократтың «Өзіңді таны!» деген мәнді де мағыналы ұранды сөзі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ.Психика туралы түсінік және оны білу біздің өмірімізді тануымызға тікелей байланысты.
      Психологияның қоғам өміріндегі маңызы қаншалықты жоғары?Жеке адам өміріне психологияның әсері қандай?Бұл сұрақтар қазіргі таңда өзекті мәселелерге айналып отыр. Психологияның негіздерін білу үлкен рөл атқарады, бірақ біз оны ойламаймыз.Адамдар негативті эмоцияларға тез беріледі,мысалы көп қобалжиды,ашуға тез беріледі,қайғыға батады немесе басқа бір адаммен жанжалдасады,ақпаратты қатты қабылдайды.Міне осының барлығы біздің өміріміздің бөлшегі,психологиялық бөлімі.Адам өмірі жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін шым-шытырық көрініс іспетті.Психология бізге біздің психикамыз қандай жағдайда болмасын,сол қиындықтан алып шығуға көмектеседі.Адам психикасы тек негативті жағдайлар ғана емес адамда болатын барлық эмоциялардан тұрады.
      Менің өмірімдегі психологияның маңыздылығы өте жоғары. Психологияның артықшылығы-ол біздің өміріміздегі барлық салаларды қамтуға қабілетті.Отбасымыздың жанында,мектепте,жұмыс орнында,универде адамдармен қарым-қатынаста-біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз,басымызға түскен қиындықтарды жеңуге тырысамыз немесе кейде барлық проблемалардан қашып кетуге де тырысып жатамыз,мұндай кезеңдерде психологияның бізге көмектесері анық.Анығырақ айтқанда,сол қиындықтарға қарсы шығатын күш-жігер,ынтаны оятатын мотивация,қарсы тұруға деген табандылықтың барлығын бір сөзбен психология деп айта аламыз.Бұл нәрселердің барлығы да психологияның тек бір бөлшегі ғана.Психология адам бар жерлердің,салалардың барлығына қатысты.
     Біз әрқайсысымыз белгілі бір деңгейдегі «Психологпыз».Менің бұлай айтуымның себебі мынада,біз өмірде «ол кез келген адамның қандай екендігін айтып бере алады» деп айтып жатамыз.Біздің өзімізде адамның эмоциясын көру арқылы, оған белгілі бір деңгейде жылағанда жұбатып,бастар ісіне шабыт беріп, мотивация сыйлай аламыз.Бұл адамның өмірлік тәжірибесі арқасында көп нәрсені түсінетіндігі,сезінетіндігі,сол арқылы қиналған жанға психологиялық тұрғыдан көмек көрсете алатындығын айтамыз.
    Адам психикасына әсер ететін жағдайлар өте көп.Қазіргі кездегі адамзат психикасына ең көп әсерін тигізетін техникалар мен технологиялар,дәлірек айтқанда ғаламтор желісі.Ғаламтор желісі басқаруға келмейтін жүйеге айналған. Бала кезінен телефон мен смартфондарды көріп,пайдаланып өскен баланың психикасы да сол ғаламтор желісінен қалыптасады.Адам психикасы негативті нәрселерді тез қабылдауға бейім келеді.Дамыған заман мен ақпарат алудың қолжетімділігі әрине жақсы,бірақ сол ақпаратты «фильтрлеуді» адамзат меңгеруі тиіс.
    Жеке өзімді қарастырар болсам,менде барлығы да өз уақытымен болып келеді.Бала кезімде мақсат етіп қойған тоғызыншы сыныптан кейінгі қызыл аттесттаты,алтын белгіні алдым.11 сыныпта бізге үлкен сынақ болып көрінетін ҰБТ ға ел қатарлы мен де дайындалдым.Дайындалу барысындағы «үмітін ақтай алмасам», «грантқа іліге алмай қалсам» деген сұрақтар күн сайын мазалады.Бірақ мен өзіме күн сайын психологиялық сабақ өте бастадым.Өзімнен үлкен аға-әпкелерімнің «ол жай ғана тест» деген сөздерін ескеріп,миымдағы негативті ойларды шығара бастадым.Бұл идея менің алғашқы кішігірім сынақтан өте алатындығыма көп көмегін тигізді.Мен ҰБТ ға кейбір оқушылар сияқты дайындалу режимін қойған жоқпын.Бірақ сол режиммен жұмыс жасайтындармен бірдей нәтижеге жеттім.Сол жетістігімнің басты себептерінің бірі психологиялық тұрғыдағы дайындық болды.Сол дайындықтың арқасында менде тестілеу кезінде көпшілікте болатын депрессия,стресс,қобалжу болған жоқ.
    Тесттен кейін мен өзімді босаңсытып алдым.Грантқа түсетініме сенімді болсамда,грант конкурсының нәтижесін күту барысында менде кішігірім депрессия болды.Шыдамым таусылғандай болып,күн сайын жылайтын болдым,ашуланшақ болып кеттім.Сол кезеңде анамның берген мотивациясы маған қатты әсерін тигізіп,қайтадан өзімді қолыма алдым.Грантқа түскенімді білгенде менде шексіз қуаныш болды.Ал дәл қазіргі уақытта өзім армандаған және мақсат етіп қойған ҚазҰу-да оқып жатырмын.Міне,психологияның маңыздылығының менің өмірімде үлкен орны бар екендігін мен осылай түсіндім.Психиканың әлсіздігі де,мықтылығы да тікелей өзімізге байланысты. Психология пәні арқылы өз психикамды одан ары жоғары деңгейге жеткізіп,өмірдің бұдан да үлкен сынақтарына төтеп беруді үйренемін деген мақсатым бар.Өз өміріміз өз қолымызда!    

...

Скачать:   txt (31.4 Kb)   pdf (286.3 Kb)   docx (148.1 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club