Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: asdftgyhj • Октябрь 25, 2021 • Контрольная работа • 479 Слов (2 Страниц) • 289 Просмотры
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Жалпы психология дегеніміз не?Психология бұл адамның психикалық әрекетін, оған сыртқы факторлардың әсерін және мінез-құлықты егжей-тегжейлі талдау негізінде жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттейтін ғылым.Психология әлемдегі әрбір адамның дүниеге келген күннен бастап өмірінің соңына дейін барлық слаларда жетелеп жүретін өмір бөлшегі.
Мен өз өмірімде психология ғылымымен танысуым 2020 жылы болды.Сол уақыттарда мен адам психологиясымен қызықтым.Бірақ толыққанды зерттемеген едім.Енді міне жоғарғы оқу орнына қадам басып психология ғылымымен толыққанды танысуым басталуда.Психология өте қызықты ғылым және университет қабырғасында оқып,бұл ғылымды жақсы деңгейде танып шығамын деп сенемін.
Күнделікте өмірімде мен әртүрлі танитын не танымайтын адамдармен
қарым қатынас жасаймын.Әр адамның жүріс-тұрысы,сөйлеу мәнері,өзін публикада ұстауы әртүрлі екенін байқаймын.Бірақ оларды жалпы бірнеше топтарға,типтерге бөлуге болады.Мысалы,өзіне сенімсіз адамдар әдетте дауыстары ақырын,иықтары түскен және жолда бұндай адамдар жолдың шетімен жүруге тырысады.Достары жоқ,жалғыз адамдардың қадамдары үлкен,тез болады.Ал достары бар адамдар қыдырғанда бірқалыпты қадаммен бір-бірлерін күтіп асықпай әңгімелесіп жүреді.Сөйлеу мәнерінде адамдардың қаншалықты дауыстары қатты не ақырын,жестикуляцияны қаншалықты қолданғанына қалай қолданғанына қандай сәттерде қандай жест жасағанын қарап зерттесеңіз оның жалпылама қандай адам екенін біліп алуға болады.Мен негізі тыңдағанды,бақылағанды қатты жақсы көремін күнделікті өмірімде де адамдарды бақылап,зерттеген ұнайды.
Психология өмірімнің барлық салаларына қатысады.Ол отбасы,мектеп,жоғарғы оқу орны,үйірмелер,жұмыс орны,туыстармен қарым-қатынас тағысын-тағы.Ең негізгісі отбасыдан басталады.Отбасы ішінде ата-ана балаларына қандай тәрбие берсе,психологиялық қолдау,мысалға күнделікті балаларын қалай жақсы көретінін айтып,қандай ақылды,әдемі екенін айтып отырса болашақта бала өзіне сенімді бала болады.Менің отбасымда ата-анам маған әрдайым мақтаулар айтатын.Әрбір жетістігіме қуанып мақтайтын жәнеде қолдайтын.Егерде сәтсіздікке ұшырасам бұлда өмір сынағы деп тағы жасап көр деп жәрдем беретін.Сондықтан мен әрбір бастауымды қорықпай нық қадаммен бастаймын.
...