Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Октябрь 8, 2021  •  Эссе  •  442 Слов (2 Страниц)  •  287 Просмотры

Страница 1 из 2

Менің өмірімде жан туралы ғылымды оқу жуық арада ғана бастау алды. Мектеп қабырғасында жүрген кезде бұл ғылым саласы жайлы үстіртін ғана ақпарат оқитын едік. Өзім жеке психология саласын мақсатты түрде оқуға ұмтылмағанмен қызығушылығым болатын. Бұл қызығушылық үлкен әпкемнің педагог-психолог болуымен байланысты десем де болады. Ол кісі психикалық ауытқуы бар жандармен жылдар бойы жасап келеді. Психология ғылымынан хабары бар болған соң менің жай-күйімді, ойымды бірден біліп қоятын. Сол кезде қанша таң қалсам да, көкейімдегі мазалаған сұрақтарды қоюға ұялатынмын. Ал қазір психология пәнін оқуды енді енді бастап келе жатсам да көптеген сауалдарымның жауабын тауып жатырмын.

Психологияның менің өмірім мен кәсібімде алатын орыны қандай? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, алдымен «психология» ұғымына анықтама беріп тоқталып өту керек деп ойлаймын. Грек тілінен аударғанда ол «жан туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Демек, психология дегеніміз тіршілік иесінің психикалық әрекеттерін, мінез-құлқын талдау негізінде жүзеге асатын жан туралы ғылым. Психология адам өмірінің әр саласымен тығыз байланыста, бірақ біз оны көп жағдайда байқамай жатамыз. Біз қайғырамыз, қуанамыз, ашуланамыз, таңданамыз және басқа да күй түрлеріне енеміз, ал бұның барлығы шындап келгенде психология ғылымына саяды. Психология адам туралы мәлімет беретін маңызды ғылым. Ол кәсіп пен қызмет салаларының барлығында кажетті, кез-келген маман иесі тым болмағанда негізін білуі қажет, қоғаммен тығыз байланыстағы жетекші ғылым саласы. Бұл дегеніміз психология туылғаннан бастап өмірдің соңына дейін адаммен бірге жетіліп, дамитын өмірдің ажырамас бөлігі. Тағы да бір қарапайым мысал келтіретін

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (36.3 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club