Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Октябрь 4, 2021  •  Эссе  •  556 Слов (3 Страниц)  •  289 Просмотры

Страница 1 из 3

ЭССЕ

"Психология менің өмірімде және кәсібімде"

                       

Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам — психологияның дап-дайын тұрған курсы.

—  Константин Ушинский

 

Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ең бірінші өз ата-анасымен кейінен айналасындағы жалпы адамзатпен күрделі қарым-қатынасқа түседі.Ал осы қарым-қатынастың негізі көпірі психология ғылымы болмақ.Иа,біз ойлауымыз мүмкін ол үлкен бір ғылымның біздің қарапайым өмірімізге қаншалықты қатысы бар деп.Дегенмен біздің сол бір қарапайым өміріміз, күнделікті жасап жатқан іс-әрекеттеріміз,ашулануымыз,шаттанып қуануымыз,не бір үлкен таңдаулар жасауымыз бәрі  дерлік психологиямен табысады.Ендеше,айтып жатқан терминіміз «психологияға» қысқаша анықтама бере кетейік. Жалпы айтқанда психология дегеніміз-адам жанының нәзік дүниесін,рухани өмірін зерттейтін ғылым болып табылады.Менің ойымша психология ол біздің өмірімізбен де, кәсібімізбен де біте қайнасып  жатқан бір бөлшегіміз.

Олай болса бұл пікірімді ары қарай өрбітетін болсам...

Біріншіден, білімнің кілті мектепте демекші өз басым  психолгия атты ұғымды мектеп табалдырығын атағаннан кейін білдім.Негізінен мектеп кезінен бері өзін-өзі тану сабағында психологиялық тесттерді тапсырып, әсем әуен арқылы мұғаліммен жанға жайлы әңгімелер айтып,  сырымызбен бөлісетін едік.Міне бұл процесттер мен үшін алғашқы психологияға баспалдақтар болып саналады.Сонымен қатар психология менің өмірімде жалпы отбасыммен қарым-қатынас жасағанда өз көмегін тигізіп жатады.Мысалы жас жеткіншектердің көпшілік бөлігі 13-17 жас шамасында өтпелі кезеңнен өтеді.Осы кездерде жас бала ата-анасымен  жанындағы жақын туыс,достарымен түсінісе алмай өзіне қол жұмсап немесе  мінезі өзгеріп өзін жаман сезініп жатады.Ал бұндайда бізге көмекке келетін арнайы психологтар.Баламен жұмыс жасап неше түрлі тәсілдерді қолдана отырып баланың жан дүниесімен жұмыс жасайды. Мұндай жағдайлар меніңде басымнан өткен еді.Дегенмен де,қиын сәттерде мектептегі психолог апайлардың көмегі аса зор болатын.Ол кісілер әрқашан ұлы ғұлама  Әл-Фараби атамыздың «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты»,-деген ұлы сөздерін мысалға келтіріп, ашуланудан,күйзеліске түсіп кетуден аулақ болуға шақыратын.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (45.7 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club