Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: Алуа Махатай • Сентябрь 29, 2021 • Эссе • 288 Слов (2 Страниц) • 592 Просмотры
Махатай Алуа
Логистика – 11
БӨЖ №1
Эссе
« Психология менің өмірімде және кәсібімде»
Психология - бұл адамның психикалық әрекетін , мінез-құлқын , жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттейтін ғылым. Яғни адамның ішкі жан дүниесі туралы ілім десек те болады . Сондай-ақ мотивация, сезім, эмоциялар сияқты белгілі, ең көп кездесетін психикалық жағдайларды зерттейтін ғылым. Осы ғылымның көмегімен біз психикалық қасиеттерді, мысалы, мінез, темперамент, қабілеттер туралы көптеген мағлұматтар ала аламыз. Біздің өмірімізде, ең алдымен, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмауы, келісімге келе алмауы, сол немесе басқа шешімді уақытында қабылдай алмауы, кейбір жағдайларда бір-біріне көне алмауы секілді көптеген мәселелер бар. Бұл тек психологияны түсініп, жан-жақты зерттеу арқылы үйренуге болатын өнер түрі.
Дәл қазіргі психология бізге қазіргі дағдарыстан және шешілмейтін жағдайдан шығуға көмектеседі. Өмір – ақ пен қара сызықтардан тұрады, әрбір адам басынан тек қана бақытты кезеңдерді кеше бермейді, өмірдің небір қатал, әділетсіз, қиын кезеңдері де кездеседі . Осы жағдайларда көптеген адамдар психологиялық жағынан сынып қалуы мүмкін. Яғни алдыға қарай ұмтылмай, артқа қарай қадам жасау дегенді білдіреді. Дәл осы сәттерде психология ғылымы әрбір адамзат үшін үлкен септігін тигізе біледі. Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.Ал психологияның кәсіптегі маңыздылығы да өмірімізде ерекше рөл атұарады .Мысалы , әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.
...