Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: naziko1 • Сентябрь 17, 2021 • Эссе • 292 Слов (2 Страниц) • 532 Просмотры
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Жалпы психология адамдарға неліктен қажет? Бұл сұраққа жауап бермес алдын, психологияның не мағына беретінін, оның шығу тарихына мән беріп, білуіміз қажет. Психология - бұл адамның психикалық әрекетін, оған сыртқы факторлардың әсерін және мінез-құлықты толықтай талдау негізінде жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттейтін ғылым. Грек тілінен «психология» сөзін «жан туралы білім» деп аударуға болады. Бұл - адамның мінез-құлқы туралы, адамның өзі және оның өмірі туралы білім.
Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше және бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады.
Менің ойымша бақыт деген дәл қазіргі сәт, бақыт деген сатып алатын нәрсе емес ол менің жай күйім. Жеке өзімді қарастырар болсам, менде бәрі де өз уақытымен кезеңімен болып жатты. Қолыма алғым келген үздік аттестатымды алдым, одан кейін ҰБТ-ны жоғарғы деңгейде тапсырамын деген ой болды. Бірақ ойдағыдай болмады. Шыны керек, содан кейін мен кішігірім депрессияға түстім. Бұдан әрі қалай жылжитынымды білмедім, мемлекеттік грантқа ілінетініме сенімсіз болдым, ақылы түрде оқығым келмеді. Бірақ қазір мен оқуға түстім, яғни грант иегері атандым. Қазір ойлап қарасам, депрессия деген сөзді өзіміз ойдан шығарып алады екенбіз.
Қазіргі уақытта психология сөзі трендке айналып барады. Сондықтан мен оны психология деп емес өзіңді тану дер едім. Әр адам мамандық таңдағанда да ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.
...