Өндірістік практика есебі «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты»
Автор: dossalyi • Сентябрь 5, 2022 • Отчет по практике • 3,642 Слов (15 Страниц) • 302 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университеті» АҚ
БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
Өндірістік тәжірибеден өту бойынша
(тәжірибе түрі)
ЕСЕПТЕМЕ
(бакалавриат,магистратура,докторантура) бойынша оқитын
3 курс күндізгі оқу бөлімінің
ГМУ-18-1 тобының студенті
Досалиева Ақмоншақ Мербулатқызы
(аты-жөні)
Университет атынан жетекші:
Менеджмент кафедрасының доценті
Кадырова Гульжиян
(лауазымды тұлғаның аты-жөні)
Ақтау 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.................................................................................................................. 3
1.«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1 «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесінің ережелері........................................................4
1.2 «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері.....................................................................................................................................................5
2. «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі»ММ Ережесі
2.1 «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің ережелері,функциялары................................................................................................................................................................................9
3. Тәжірбиелік бөлім............................................................................................................13
3.1 Тәжірбиенің күнтізбелік жоспарының орындалуы..........................................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................16
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................................... 16
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе барысында студенттің міндеттері: Кәсіпорынды немесе мекеменің ұйымдастыру, оның құрылымы, және салалық ерекшелектерімен өндірістік және басқару бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен танысу. Өндірістік тәжірибе – оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда оқыту кезінде алған білімімді мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығым бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйретеді. Тәжірибе – жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Тәжірбедегі ең басты мақсатым – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болды.
Мен өндірістік тәжірбеден өту үшін«Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлеттік мекемесіне бардым. Мекемеге барған сәттен бастап қажетті мәліметтер және ережелермен таныса бастадым. Белгіленген жұмыс тәртібін сақтау, болған барлық іс-шараларға қатысу, белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну, белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақытылы орындау және т.б.
Бұл есептемеде«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» ММ
бөлімінің ағымдағы жағдайы талданып, оның ұйымдастырылуы қарастырылады.
Есептемеде келесі мәселелер қамтылады: «Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің ережелері,функциялары миссиясы, ағымдағы жағдайдың талдануы, стратегиялық бағыты,мақсаты және міндеті т.б.
Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 6 қыркүйектегі №207 қаулысымен бекітілген
«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекмесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
...