Өндірістік практиканың есебі Шет аудандық сотынан
Автор: Temirlan.2003 • Июнь 25, 2023 • Отчет по практике • 874 Слов (4 Страниц) • 418 Просмотры
Өндірістік практиканың есебі.
Мен, Мұратова Айжан Баянқызы 2023 жылы 23 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Шет аудандық сотынан өндірістік практикадан өттім.
Практика барысында: Сот жұмысының құрылымымен таныстым. Ұйым қызметкерлерімен таныстым. Істерді тындауға дайындау процесінде және сот талқылауы процесінде сот отырысы хатшысының жұмыс істеу дағдыларын меңгердім. Талап арыздың жобасын жасадым. Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, сондай-ақ оның шешімдері мен үкімдерін орындауға жүгіну тәртібін зерделеу. Талап арызға қарсылық жобасын жасадым. Апелляциялық шағым жобасын жасадым. Сотта қаралатын қылмыстық және азаматтық істерді зерделедім олар үшін заңнамалық материалдарды іріктедім. Сот отырысы хатшысының міндеттерімен таныстым. Хатшымен қатар отырыстың хаттамасын жүргіздім. Қаулылар, үкімдер, шешімдер мен қаулылардың жобаларын жасадым. Сот отырысы процесінде сот отырысы хатшысының жұмыс істеу дағдыларын меңгердім. Хатшымен қатар сот отырысының хаттамасын жүргіздім. Тараптардың жарыссөзін өткіздім.
Айыптау және қорғау тараптарының қорытынды сөз сөйлеуін дайындау дағдыларын меңгердім. Сот шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін зерделедім. Онлайн режимде сот отырысын жүргізу дағдыларын меңгердім. Сот процесіінде аудио және бейне жазбаларды пайдалануды рәсімдеу дағдыларын меңгердім. Істі сот талқылауына дайындау дағдыларын меңгердім. Сот процесінде қабылданатын құжаттардың жобаларын дайындадым. Сот отырысында ісбойынша ұсынылған дәлелдемелерді пайдалану және оларды іске қосу дағдыларын меңгердім. Істерді қарау процесінде өтініш беру тәртібін зерделедім. Істерді сотқа дейін қарау, оларды сот тындауына дайындау тәртібін менгердім.
Заңды күшіне енбеген шешімдерді, сот үкімдерін қайта қарау туралы өтініштерді қабылдау және тіркеу дағдыларын меңгердім. Прокурор шағым жасаған немесе наразылық білдірген жағдайда сот істерін қассациялық инстанцияға беру дағдыларын меңгердім. Сарапшының, аудармашының, үшінші тұлғалардың, талап қоюшы мен жауапкердің өкілдерінің сот процесіне қатысуға рұқсаттаманы рәсімдедім. Қарсылық білдіру туралы өтініштерді қабылдау және қарау дағдыларын меңгердім. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратын судьяның жұмыс тәртібін зерделедім. Шешілуі үшін азаматтар өтініш білдірген мәселелерді талдадым. Судья азаматтарды қабылдауға қатыстым. Құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру жобаларын дайындадым. https://krg.sud.kz/kaz/sub/shet/court/structure сайтымен таныстым. Шет аудандық сотының ресми сайтымен жұмыс жасадым. Сотта құқықтық құжаттарды дайындауға қатыстым. Қарсылық білдіру туралы өтініштерді қабылдау және қарау дағдыларын меңгердім. Сотқа прокурордың адвокаттың қатысу тәртібін зерделедім. Сот процесінде қабылданатын құжаттардың жобаларын дайындадым.
1928 жылдың 17 қаңтарында ҚазЦИК-тің қаулысымен Шет ауданы құрылған 1928 жылдың 10 мамырында 21 болыс Қарқаралы округі таратылды. Жаңа құрылған Шет ауданына Қызылтау, Нұра, Ақшатау, Шет, Сарыбұлақ болыстықтары кірген. Көшпелі елдің алғашқы көшпелі күнінен киіз үйлі кеңсесімен көшіп жүрген.
1930 жылы Қызыл отау соты құрылып, оның басшылығына Омар Тайбекұлы тағайындалды. Аудандық халық соты болып Нағызбаев Біләл деген Қарқаралы жігіті жұмыс істеп жатты. Аудан территориясы терістікте Спасскіден басталып, Оңтүстікте Шу өзені Ақсүйекпен шектелген: яғни ертедегі жүздік тайпалық бөлік шекараларының негізі сақталған. 1930 жылы аудандық партия комитетінің бірінші басшысы болып Шәріп Нұрмағамбетов келді.
Ол кісі аудан орталығының осы Аюлы баурайына келіп қоныс тебуіне көп еңбек сіңірген. Ең алғашқы құрылыс НКВД үйінің фундаментіне тас үюден басталды. Кейінгі үш төрт жылда келген мекемелер салынып, Қызылеспеден көшіріп алынған.
Қазақ халқы қай кезеңде де от ауызынды, орақ тілді, әділ билерін, қара қылды қақ жарған әділ билерін, шешендері мен ақылдарын ел билеген хандарынан бетер қадір тұтқан. Олар айтқан бітімді кесімді сөздер ұрпақтан ұрпаққа жетіп, тұтас бір халықтын даналық мектебіне айналып отырған.
...