Межличностные конфликты в семье
Автор: Dilnaz Kuanova • Февраль 6, 2023 • Лекция • 1,777 Слов (8 Страниц) • 177 Просмотры
12.2. Межличностные конфликты в семье
Отбасы –адамдардың өзара әкеттерінің бірегей институты. Оның бірегейлігі бірнеше адамдардың (ер мен әйел, сосын балалар, тіпті отбасыда ерлі-зайыптылардың ата-аналары тұруы мүмкін) ең жақын одағы моральдық міндеттерге байланысты.
Отбасының даму кезеңдері мен функциялары.
Негізінен, отбасы үнемі даму үстінде болады, нәтижесінде күтпеген жағдайлар орын алады және отбасы мүшелері барлық өзгерістерге бейімделуі тиіс. Олардың әр-түрлі жағдайдағы мінез-құлқына темпераменті, характері және жеке тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді. Әр отбасы мүшелерінің арасында әртүрлі қақтығыстардың болатыны таңқаларлық жаңалық емес. Өмірде әр отбасының өз ерекшеліктерімен, өзгерістерімен байқалатын кезеңдері болады. Олардың ең негізгілері:
Алғашқы кезең – ерлі-зайыптылардың арасында бір-біріне адаптациясы жүреді. Статистика бойынша, алғышқы жылда 30%-ке дейін отбасы бұзылады.
Екінші кезең – балалардың дүниеге келуі. Оларға көп көңіл бөлу керек, ерлі-зайыптылардың кәсіби өсу мүмкіндіктері күрт шектеледі, шаршау білінеді, т.б. жағдайлар конфликтілік жағдайлардың тууына әкеледі.
Үшінші кезең – отбасыда жаңа мүшелердің пайда болуымен сипатталады: келін, күйеу бала, немере, екі жақтың ата-аналары. Кәмелеттік және қарттық жастың жақындауы да өз проблемаларын тудырады.
Әр кезең өзінің нақты қақтығыстық жағдайларымен және конфликтімен сипатталады. Отбасындағы тұлғааралық қақтығыстарының пайда болуына оның дамуының кез-келген кезеңінде әртүрлі сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін. Ең алдымен, бұл қоғамда болып жатқан өзгерістер, мысалы, моральдық және мәдени өлшемдердің өзгеруі, отбасыны әлеуметтік қорғаудың болмауы, т.б.
Әлеуметтану отбасының бірнеше маңызды функцияларын бөліп көрсетеді: 1) Репродуктивті (жаңа мүшелерді көбейту), 2) тәрбиелік (жаңа ұрпақты тәрбиелеу), 3) экономикалық (отбасы бюджетін құру және жұмсау), 4) рекреациялық. Әр отбасы осы функциялардың бірін ең маңызды деп санауы мүмкін. Ерлі- зайыптылар функциялардың қайсысын таңдау керек және қалай орындау керектігі туралы мәселеде келіспеушілік туындаған кезде конфликтілік жағдай туындайды. Мысалы, әйелі көп балалы болғанды қалайды, ал, ері бір баладан артық қаламайды, себебі, балаға қажетті тәрбие мен уақыт берілмеуі мүмкін деп есептейді, т.б.
Конфликтінің себептері
Бірінші кезеңде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне үйренісу кезеңі, көп жағдайда конфликтінің себептері:
- Тұлғалардың сәйкес болмауы;
- бЛидерлікке қойылатын талаптар;
- Үй жұмыстарын бөлу;
- Отбасылық қаражатты басқару;
- Туысқандар мен достардың сөзіне еру;
- Интимді-жеке бейімделу.
1. Тұлға аралық үйлесімділік бір-біріне өзара қабылдауды білдіреді, құндылық бағдарларының ұқсастығына негізделген мүдделердің, қызығушылығы, мотиві, талабы, мінез-құлқы, темпераментінің сәйкес болмауы. Тұлға аралық үйлесімсіздік осы жеке психологиялық сипаттамаларға сәйкес әр тараптың екінші жаққа қарама-қарсы өз пікірі, қарсылығы болған кезде көрінеді. Мысалы, әйелдің мінезі – сенсорлық. Оның «табиғаты» барлық нәрсенің егжей-тегжейлі, өзі қалаған тәртіппен болуын талап етеді. Ал, күйеуінің мінезі – интуитивті, оның үстіне интроверт. Оны тәртіп алаңдатпайды, тіпті, байқамайды. Күйеуі бөлмеге кіргенде, ол аяқ киімін кез-келген жерге мән берместен шешіп, сол жерде қалдырып кетуі мүмкін. Оның ойынша ол өз міндетін орындады. Әйелі – сенсорлы және экстраверт, аяқ-киімнің өз орнында дұрыс тұрғанын талап етеді. Бұл жағдайда мүмкін болатын тұлғааралық қақтығыстың себебі – әйелдің күйеуінің іс-әрекеті ешқандай эмоция тудырмайтынын түсінбеуінде. Егер ер мен әйелдің орнын ауыстырсақ, дәл осылай болады.
...