Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Психологии"

Автор:   •  Октябрь 19, 2023  •  Курс лекций  •  11,308 Слов (46 Страниц)  •  142 Просмотры

Страница 1 из 46

1-тақырып Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде

Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлык деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті әрекет, қылмыстық).

Негізге алынатын факт ретінде, біз девиантты мінез-кұлық бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макроәлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық  және жеке тұлғалық факторлар бірлесе әрекет етеді. Сондықтан да девиантты кұбылыстардың себептерінің жиынтығын зерттеу пәнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пәндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге және олардың қоғамдық әрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: әлеуметтану, психология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика және т.б. девиантты құбылыстардың барлык «өлшемдерін» тұтас талдай және алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предевиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тәсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді.

Осы белімнің міндеті «мінез-құлықтағы ayытқушылық (девиация)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, әлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психолоғияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен катар «мінез-кұлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру әрдайым қандай да бір нормамен салыстыруды кажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай әрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық әртүрлі формада кездесуі мүмкін дарындылар, дуаналар, тақуалар, әулиелер, қылмыскерлер және т.б.

Әлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін тусіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. П.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Кейбір зертуеушілер аталмыш ұғымды анықтауда қосымша, дәлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон «Әдеуметтік құрылым және аномия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсыған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың әр алуан турлерімен В. Фокс девиантты мінез-құлық «тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға әкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-кұлық» ұғымының мазмұнын едәуір тарылтады, өйткені әлеуметтік-құқық саласының аз ғана бөлігін қамтиды.

XX ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық психологиялық ғылым пәні деп жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық — жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын және ағзаның дамыған сайын күрделенетін уздіксіз белсенділік ағыны».

Тұлғаның мінез-құлқын зерттейтін бұл пәнаралық саланың қазіргі күйі ынтымақтастық емес, қарама-қарсыластық сияқты көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған әрекеттің бірі девиантты мінез-құлық психологиясы мен психопатологиясының қарама-қарсылығы болып табылады, яғни сау және ауру психикалық іс-әрекет мәселелерін шектеу, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыру. Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы — есірткі заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мәселесі (есірткіге психологиялык тәуелділік) және медициналық (наркотикті теріс пайдалану), физикалык  тәуелділік — нашақорлық. В.Д.Менделевичтің бұл күрделі мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті әрі қызықты. Әртүрлі көзқарастардың біржақты, тайыз кәсібилігін ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады.

...

Скачать:   txt (166.7 Kb)   pdf (359.6 Kb)   docx (245.8 Kb)  
Продолжить читать еще 45 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club