Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Діни экстремизм

Автор:   •  Февраль 26, 2018  •  Статья  •  2,619 Слов (11 Страниц)  •  846 Просмотры

Страница 1 из 11

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Қазиева Р.Т.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Аннотация

Бұл мақала діни экстремизмнің психологиялық аспектілеріне арналған. Автор діни экстремизм ұғымының мәнін анықтап, діни ахуалдың пайда болу себептерін ұсынады.

Тірек сөздер: діни экстремизм, психология, дәстүрлі емес діни ағымдар, діни сауатсыздық.

Аннотация

Эта статья посвящена психологическим аспектам религиозного экстремизма. Автором представлены сущность понятия религиозного экстремизма и причины возникновения религиозных событий.

Ключевые слова: религиозный экстремизм, психология, нетрадиционные религиозные течения, религиозная неграмотность.

Summary

This article is devoted to psychological aspects of the religious extremism.

Author presents an essence of a concept of the religious extremism and causes of the beginning of religious facts.

Key words: religious extremism, psychology, nontraditional religious acts, religious illiteracy.

Қазіргі кезде әлеуметтік патология құбылысы ретінде діни экстремизм әлеуметтік ғылымдардың әр түрлі салаларының назарын аудартуда. Оны саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, конфликтология бойынша мамандар, әлеуметтік және мінез-құлық психологтары, теологтар, криминологтар, философтар, заңгерлер және басқа мамандық иелері зерттеуге талпынуда. Бұл зерттеушілер өз пәндерінің аспектілері бойынша зерделеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатса да, әлі де барлығының бірлескен ұжымдық кешенді зерттеу еңбектері жеткіліксіз. Себебі діни экстремизм өте күрделі әлеуметтік-құқықтық, саяси және этнопсихологиялық мәселе бола отырып, көпқырлы көрініс ретінде белгілі, яғни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру және сол сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып отыр.

Егер экстремизмнің сөзінің этимологиясына үңілсек, «экстремизм» сөзінің нақты мағынасы XX ғ. өзінде пайда болды. Қазіргі таңда экстремизм шектен шыққан радикалдық ұстаным (бағыт) ретінде түсініледі. Экстремист – біржақты көзқарасты (ұстанымды) берік ұстанып, қоғамдық қатынас тұрғысынан шектен шығатын қимылдарға дайын адам, ол өзінің саяси көзқарасы бойынша солшыл немесе оңшыл болуы мүмкін.

«Діни экстремизм» ұғымы екі құрамдастырушы – экстремизмнің өзі мен діннің қатысуы арқылы тұжырымдалады.

«Экстремизм» термині латын тілінен «шектен шығушы» дегенді білдіреді. Яғни, нақты тұлғаның, адамдар тобының, қоғамдастықтың нақты парадигмада орныққан моральдық нормаларға, салт-дәстүрлерге, құқық қорғау қатынастарына қайшы іс-әрекеттері.

Экстремизм нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асатынын атап өткен жөн. Және ол адам өмірінің барлық салаларында тұлғааралық байланыстарда, қоршаған ортамен қатынастарда, саясат, дінге қатысты орын алады. Экстремизм өз мәнінде «агрессия» және «қылмыс» ұғымдарын қамтиды. Алайда, агрессия саналы әрі бейсаналы болатын болса, экстремизмге мотивация тән. Сол себепті, экстремизм адамдарға қатысты орын алатын әлеуметтік құбылыс болып көрінеді. Экстремизм зорлық көрсетуге бағытталған тәрбиенің немесе сыртқы факторлардың тұлғаға кері ықпалына пайда болатын салдар. Мысалға, заманауи ғылымда экстремизмнің пайда болуына ықпал ететін келесі факторларды көрсетеді:

* әлеуметтік-психологиялық және өнегелік (өзгелердің пікірлерімен санаспаушылық, айналадағы жағдайды дұрыс пайымдай алмаушылық, психологиялық тұрақсыздық, шектен тыс психологиялық белсенділік, тез қабылдаушылық немесе жастық максимализмі, бұлардың барлығы тек арнайы жағдайларда немесе өзге факторлармен қатынасқа түскен кезде ғана пайда болады);

* әлеуметтік-экономикалық (материалдық жағдайының төмен болуы, әлеуметтік теңсіздік);

*

...

Доступно только на Essays.club