Гравитацияны зерттеуге арналған жиынтық
Автор: aiaulymuu04 • Ноябрь 19, 2022 • Реферат • 346 Слов (2 Страниц) • 169 Просмотры
Практикаға қосымша жетекшіміз оқу тәжірибесінің бағдарламасына сәйкес орындауға жататын жұмыстар тізбесінен «Гравитацияны зерттеуге арналған жиынтық» жұмысын берді.Ғылыми жиынтықтағы жабдықтар мен материялдардың тізімімен таныстым.Соған сәйкес жиынтықтағы кітапшаның аударма жұмысын жасадым.Дәлірек айтқанда ағылшын тіліндегі түпнұсқаны қазақ тіліне аудардым.
Гравитация (латынша: gravitas— ауырлық) — материяның кез келген түрлері арасындағы тартылыс күш әсері. Егер бұл өзара әрекеттестік біршама босаң болып, денелер баяу (жарық жылдамдығымен салыстырғанда) қoзғалатын болса, Ньютoнның бүкіл әлемдік тартылыс заңы қолданылады. Жалпы жағдайда А.Эйнштейін шығарған жалпы салыстырмалылық теориясы қолданылады.
[pic 1]
Гравитация - массасы бар кез келген денелер арасында болатын өзара тартылыс.
Кітапшаның мазмұнындағы тақырыптармен танысып,сол тақырыптарға байланысты зертханалық жұмысымды бастадым.Соған сәйкес «Үйкеліс күшін өлшеу» , «Таразы көмегімен дененің массасын анықтауды үйрену» тақырыптары бойынша зертханалық жұмыс жасадым.
Үйкеліс күші
Қозғалатын екі дененің арасында пайда болатын және әрқашан қозғалысқа қарсы бағытталатын күш
[pic 2]
-үйкеліс коэффициенті[pic 3]
N-нормаль күші (Жазықтық тарапынан денеге әсер ететін және жазықтыққа әрқашан перпендикуляр болатын күш)
Жұмыс барысында сырғанау үйкелісі және дене салмағын тауып, беттер ауданына тәуелділікті зерттедім.Жиынтықтағы материалдарды (білеуше,динамометр,трибометр) қолдандым. Динамометрдің көмегімен білеушенің салмағын және трибометрге жатқызып тарту күшін өлшедім. Тәжірибиені жағдайды өзгертпей үш рет қайталадым.Өлшеген мәндерді кестеге енгіздім.Кестеге сәйкес ауырлық күші мен тартылыс күшін есептедім.Осы күштердің қатынасы нәтежиесінде үйкеліс коеффициентін таптым.Үйкеліс күші арқылы жасаған зертханалық жұмысымның абсолютті қателігін есептедім.Мендегі нәтиже 0.03%-ті құрады.
...