Тәуелсіздік
Автор: qyrmyzy03 • Ноябрь 8, 2022 • Реферат • 334 Слов (2 Страниц) • 187 Просмотры
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толып отыр.Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім.Осы тәуелсіздіктің арқасында өз тарихымызды, қазақ тарихын білдік.Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды.Әр түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, қиын жағдайда болған Арал мәселесі шешілді, тәуелсіздік алғалы тілімізді, дінімізді қайтадан дұрыстап түгендеп қалпына келтірдік, ұлттық салт- дәстүрімізді сақтап жандандыра түстік.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды.Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді.Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш.Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі.30 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді.Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, мемлекетіміздің басты күші – Астана қаласы.Астана қаласы тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деп айтуға болады.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыздың халыққа деген, халықтың елбасыға деген сенімділігі үлкен, сондықтан да еліміз көк байрақтың астында егеменді ел болып, еңбек етіп, оқу оқып, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Тәуелсіздік
...