Тәуелсіздік және елбасы
Автор: asylnur • Январь 9, 2019 • Доклад • 504 Слов (3 Страниц) • 854 Просмотры
Тәуелсіздік және елбасы
Тәулсіздік елдіктің кепілі. Жеке дара ұлы мемлекет болып қалыптасуымыздың берік тұғыры. Елбасы осы жолды қалыптастырушы ұлы тұлға, яғни тәуелсіздік және елбасы егіз ұғым. Осы ойымды дәлелдемелер арқылы дәлелдеп көрейін.
Тәуелсіздікке жетер жолда қиын да, соқпақ жолды артқа тастап, қаншама ғасырлар торабында бабаларымыз осы күнді аңсағанын, әр кез өлең, жырымызға, көркем әдебиет шығармаларымызға қосудан жалықпаймыз. Бұл ұғым ары қарайда өз мәнін жоғалтпауы тиіс. Елбасымыздың қанатты сөзі осыған дәлел:
“Менің арманым - Қазақстаның «Мәңгілік ел» болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ тәуелсіздік қалады”.
Бұл сөздер арқылы келер ұрпаққа Тәуелсіздік құндылығын жолын үзбей дәріптеуді меңзегендей, демек біздің міндетіміз Егемендікке жету жолын еш қоспасыз болашаққа жеткізу. Біздің ел тарихы жайлы әр сөзіміз келешектегі Тәуелсіздік тағдыры, жастар болашағы болмақ.
Жастардың осы тарихты барлық мәнінде қабылдауына не кепіл болады? Әрине, білімнің, тәрбиенің алтын кені. Қазақ халқы бұрыннан тәрбиеге аса зор мән беріп, оны салт-дәстүр шеңберіне алып қадағалаған. Сол себептенде бұрынғының бұрымдылары ибалы, ер азаматтары айбарлы болды деген тұжырымға келемін. Тұжырымдамам Елбасының осы нақыл сөзіне саяды.
«Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».
Мәдениеттің біз үшін аса жоғары дәрежеде бағалануы дамушы елдер қатарында, онда көш бастауымыздың бірден-бір кепілі іспеттес екені, қазіргі таңда көрініс беруде. Біз үшін басқада егемен елдердің даму жолына осылайша мән беруімізді Елбасыда бағытқа алған. Егер дәл сондай мәдениет дамуына қосқан үлесімен қазақ атын еске алсақ, қазақ даласы өнер мен мәдениет ошағы іспеттес. Дәл осы жолда жастар білімінің қаншалықты рөл атқаратынына тоқтала кетсек, бар адамзатты басқа тіршілік иелернен тек білім ғана бөліп тұрғанына көз жеткіземіз. Сөз жоқ, білімнің алтын кеніші біздің Тәуелсіздігіміздің берік, алтын тұғыры.
...