Мұғалім- қоғамның зиялы қауымы дегенді қалай түсінесіз?
Автор: igisenova.banu • Сентябрь 19, 2022 • Эссе • 420 Слов (2 Страниц) • 239 Просмотры
Мұғалім- қоғамның зиялы қауымы дегенді қалай түсінесіз?
Зиялы қауым. Осы бір сөз тіркесін оқығанда есіме Аяз би, Қорқыт ата мен Асан қайғы, Абылай мен мен Бұқар, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Махамбет, Абай, Шоқан, Ыбырай, Алихан, Ахмет, Мұстафа Шоқай, Мағжан, Жүсіпбек т.б. басқа ұлты үшін күрескен көшбасшыларымыз түсті. Бұлар нағыз -зиялылықтың үлгісі болған жандар. Ендеше менің түсінігімдегі зиялы көзі ашық, өткір тілді, шындық пен әділдікті ту еткен, рухы мықты күрескерлер. Зиялылықтың үлгісі болған осы бір жандардан мықты тәрбие, сапалы білім алумен қатар ұлттық болмысты да бойымызға сіңірдік.
Өркениет көшімен бірге жылжыған бүгінгі қоғамның зиялысы кім? Мен бұл сұраққа «мұғалім» деп жауап берген болар едім. Неге? Біріншіден қай қоғамның болсын, тағдырын қоғам мүшелерінің сапасы шешеді, сапалы қоғам мүшесін дайындау мұғалімнің құзырында.Екіншіден, шығыс ойшылдары айтқандай халықтың кемелденгенін оның қанша қала салып, қанша пұт астық жинағанына қарай емес, ондағы адамдардың білім-парасатына, имандылығына қарай бағалау керек, бұл істе мүғалімнің негізгі қызметтерінің бірі.Үшіншіден, кез келген зиялы адам ұстаздан дәріс алады. Сондықтан да қоғамның зиялы қауымының өкілі ретінде мұғалімге артылар жүктің салмағы қашанда үлкен.
Мұғалім- зиялы қауымының беделді мүшесі болуымен бірге оның алдындағы ұлттық рухты бойына сіңірген, туған тілі мен мен тарихын, салт-дәстүрін жақсы білетін, зиялы ұрпақты, қайраткерді дайындау сынды абырайлы міндет жүктелген. Салмағы ауыр осындай істе мұғалімге қоғамның, мемлекеттің қолдауы аса қажет. Дегенмен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар мұғалімдер қауымына үлкен серпіліс бергендігі сөзсіз.
Ендігі жерде көзі ашық, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын ұрпақты қалай оқытып, тәрбиелейміз? Заңғар жазушымыз М.Әуезов «Ұлт болам десең бесігіңді түзе» деп айтқандай, таза қазақ тілінде оқытатын ұлттық мектептерді жан-жақты дамыту керек, Оқыту процесі заманына сай жабдықталған интелектуалды мектептерде орыс тілді оқыту басым екендігі шындық. Нағыз зиялы қауымды тәрбиелейтін бірден-бір орын – қазақ мектебі. Қазақ мектебін жаңарту, мазмұнын тереңдету оның жұмысын қайта құру – бүгінгі күннің ең басты міндеті. Ұлт мектебіндегі басты ерекшелік ұлттық рухтың болуы. Сонда оқушыда ұлттық сана қалыптасады. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік сезімі ұялап, ұлттық рухы дамиды.
...