Мектеп тарихы. Қақпақ жом
Автор: Gauhar03 • Октябрь 12, 2022 • Эссе • 709 Слов (3 Страниц) • 195 Просмотры
Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы,Қақпақ ауыл округінде «Қақпақ» жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі орналасқан. Мектептің алғашқы ірге тасы 1983 жылы қаланған. Осы кезеңнен бастап киелі білім ордасы еңселі де биік, сәулетті оқу орнына айналды.
Мектеп «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің инновациялық дамуын жақсарту» тақырыбында ұжыммен жұмыс жасайды.
Мұғалімдердің жалпы саны-70.Жоғары санатты – 2, бірінші санатты – 3, екінші санатты – 12, жалпы санатты – 17. Педагог-зерттеуші – 10, педагог -сарапшы - 10, педагог-модератор – 15, үш тілділік бойынша– 4 мұғалім жұмыс жасайды.Сынып комплектісі – 25.Қазіргі таңда білім алушылардың жалпы саны- 537.
Қазыналы білім ордасына айналған мекемені 1983-2007 жылдар аралығында қазіргі таңда марқұм болған Мұратов Қадірқұл Тойшыұлы басқарды. Бүкіл оқу–тәрбие үрдісін сара жолға салу– мектеп басшысының білім, білігі мен іскерлігіне байланысты.Сол жолда аянбай еңбек ете білді.
2007-2011 жылдар аралығында Қонақбаев Спабек басқарды.Тәжірибелі басшы сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы бола білді.
2011 жылдың қыркүйегінен осы мектепті басқару жұмысына Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Жүнісова Озипа Шадырманқызы тағайындалып, мектептегі көптеген жұмыстардың бастамашысы болды. Киелі білім ордасы уақыт озған сайын қоғам дамуына ілесіп, өркен жая түсті.
2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасының қолдауымен 300 балаға арналған типтік жобадағы мектеп үйі салынып пайдалануға берілді. Осы кезеңнен бастап киелі білім ордасы еңселі де биік, сәулетті оқу орнына айналды.
Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда.Атап айтқанда ұжымның мақтан етер ұлағатты ұстаздары Мамытбай Әбдісамат Әсетұлы, Дүйсебаева Әзиза Бөденқызы, Мамытбаева Райхан Қошқарқызы, Баймұратов Байжан Зәйдінұлы, Дауеева Айгүл Тажықұлқызы, Сұлтанбаева Айман Алтынбекқызы, Алданова Назыгүл Сейдалықызы аудандық пән олимпиадасының жүлдегері, Қуанышов Әбдіхалық Әбдіқайұлы командасымен облыстық жасөспірімдер арасында өткен қол добы біріншілігіне қатысқан , Оспанқұлова Гүлмира Сұлтанқызы, Ақбалаева Замира Өмірәліқызы- «Инновациялық идеялар жобасы» атты байқауында 2-орын жүлдегері,пәндер олимпиадасында физика пәнінен ауданнан2-орынмен марапатталған. Абдибаева Зияда Түменбайқызы, Медетов Жарылқап Әбдімәлікұлы, Смайыл Мұхтар Жұманұлы, Мамытбаева Беккүл Батырқызы, Исабеков Ордабек Исабекұлы, Игілікова Жазира Оразалықызы,Ережепов Нұрғали Аюбайұлы.
...