Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп тарихы

Автор:   •  Октябрь 1, 2018  •  Статья  •  1,044 Слов (5 Страниц)  •  739 Просмотры

Страница 1 из 5

Мектеп тарихы

        Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің құрылуының да өзіндік тарихы бар. 1991 ж.  № 15 орта мектепте қазақ тілінде оқитын 1- сынып ашылып, 15 оқушы қабылданды. Бұл - ең бірінші қазақ сыныптары еді. Оның ең бірінші мұғалімі - Қуатова Айтаңсық Жабатаевна болды.  Мектеп ашылған кезде «Бастауыш қазақ мектебі» деп аталды. 1992 ж. № 5 мектеп гимназияда 1 сынып, 14 оқушы,  № 6 орта мектепте 1 сынып, 12 оқушы, № 15 орта мектепте 2 сынып, 31 оқушы қабылданып, қазақша сыныптар ашыла бастады. 1993 жылы сол кездегі Шахтинск қаласы  білім бөлімінің басшысы - Айбекова Тұрған Жақпарқызының белсене араласуымен,  әкімшілік  болашақ қазақ мектебіне деп «Снегурочка» балабақшасын  босатып берді. Аталған балабақшада бар-жоғы  9- ақ  қазақ сыныптары  болды.  Оның өзінде тек 1 -сыныптан бастап 3- сыныпқа дейінгі бастауыш сыныптары қамтылды. Ол жерде білім 3 жылдық болатын. Содан кейін кейін оның директоры болып білікті ұстаз - Куатова Айтаңсық Жабатаевна тағайындалды.  «Снегурочка» балабақшасындағы  бастауыш қазақ мектебінде  4 сыныпта - 56 оқушы білім алды. Сол жылдың қыркүйек айында қалалық білім бөлімінің сұранысы бойынша,  мемлекеттік тілде білім беретін  педучилищені  жаңадан  бітірген  жас маманды- жас педагогтарды  осы бастауыш мектепке арнаулы жолдама арқылы жіберді. Олар : Акбузауова Жанар,  Абильдина Эльмира, Тансыкбаева Жаңалық,  Рыскулова Гүлжаһан  есімді жас педагогтер еді. Бұл  жас мамандар жаңадан ашылған қазақ сыныптарының алғашқы ұстаздары еді. Ал, 1994 ж.  № 16 бастауыш қазақ мектебі ашылып, 8 сыныпта 174 оқушы  оқыды.  Ал, №15 мектептегі қазақ сыныптарының алғашқы мұғалімдері: Смағұлова Р.Ж., Сулейменова Н.Ш., Осанова М.К. болды.

№ 16 бастауыш қазақ мектебіне 1995 жылы Шахтинск қалалық білім бөлімінде  әдіскер болып қызмет атқырып жүрген  маман   Ахметова Зейнеп Абылаевна директор болып  келді. Зейнеп Абылаевна 1995- 1997 жылдар аралығында директорлық қызмет атқарды. Сол кезде қазақ сыныптарына сабақ беретін мұғалімдерінің саны -15 , оқушылардың саны бар-жоғы- 289 болды.  Ең алғашқы оқу меңгерушісі – А. Уманова , алғашқы хатшысы- Б.К. Байтемирова , алғашқы мұғалімдері:  Г.А. Рыскулова,  Р.Ж.Смагулова Г.К.Сабиолдина, Ж. Тансыкбаева , С.Маулимхан,  М.А. Касенова, З.Е.Ниетпаева, Н.Ш.Сулейменова, Қ.Ж.Сауханова, Ж.А.Батырханова,  А. Коспабаев,  Н.М.Касенов.  У.Т.Жолшибекова, Т.Т. Нургелдина, М.К.Осанова, К.А.Шегенова, Г.Е.Мусина , Р.К.Есенбаева, Ж.Усиновналар болды. Жыл сайын мектептің ұстаздары жас мамандармен толыға түсті.Олар: Н. Женисбек, А.С.Аманбеков, Н. Сапа, Б.А.Ибраев, Ж.Тукенова, А.Т.Когабекова, А.Ш. Адамина, С.К. Ибраева, З.Аймаганбетова, З.Тусивахын, А.М.Кыпшақбаевалар.

1997-1999  жылдары директор болып Рахимберлина  Бақыт Токеновна сайланды. Осы жылдар аралығында мектеп барлық мамандарымен толықтырылды. Мектептепте оқушылардың саны да көбейіп, қаладағы қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны да едәуір артты. 1999 жылы   № 16 қазақ орта мектебі құрылып, 22 сыныпта - 395 оқушы оқыды.

2000-2004  жылдар аралығында мектеп директоры болып Ниетпаева Зауреш Ермановна  қызмет атқарды.   Мектеп «Орталау қазақ орта метебі» деп аталды.Мектепке бір топ білікті мамандар келді.  Олар : А.М.Есмаганбетов, Н.С.Есмаганбетова, Н.Н.Карасартова, М.Ж.Шадетов, К.Рамазанов, А.С. Тусупов. Жыл өткен сайын оқушылар санының көбейіп, мемлекеттік тілде баламды оқытсам деген ата-аналардың сұранысы да аз болмады.  №15 мектептің санаулы кабинеттерінде білім алып жатқан оқушылардың санының артуына орай әрі екі мектептің бір ғимаратта білім алуы түрлі қиындықтарға алып келді. Сол кездегі мектеп директоры Ниетпаева Зауреш Ермановнаның  көш бастауымен және тынымсыз еңбектенуінің арқасында қазақ мектебі өз алдына 2001 жылы қаладағы №7 мектептің ғимаратына көшіріліп,  жеке мектеп болып бөлініп шықты. Мектеп директоры Ниетпаева Зауреш Ермановнаның Шахтинск қаласының мәдениет бөліміне қызметке ауысуына байланысты, 2004 жылы мектеп директоры қызметіне Карибаев Айбек  Шалгинбаевич  келді. Мектеп төмендегі  мұғалімдермен толықты. Олар: А.Ж.Култасова, А.С.Карабаева, А.С.Каржасова, Б.О.Биикова, Н.Б.Абишева, Д.Зейнелхан, А.Насиров, А.Кайырбекова, Р.С.Жанабаева, К.Утепбаева, О.О.Эшмаханова, А.И.Шингисова, И.Б.Мустафина, М.Катпина, А.Шамуратова, З.Амантай, А.К.Сабиолдина, Г.Е.Карибаева, З.Б. Аспандиярова. 2004- 2010 жылдардар аралығында Карибаев Айбек  Шалгинбаевич  мектеп директоры қызметін атқарды. Мектеп оқушылары жыл өткен сайын көбейіп әрі барлық пәннен білікті мамандармен толықтырылып, оқушылардың білім сапасы да арта түсті. Мектебіміздің үздік оқушысы Ж.С.Нургелдина тұңғыш рет 2005 жылы «Алтын белгі» иегері атанды.

...

Скачать:   txt (13.3 Kb)   pdf (100.3 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club