Көктемгі табиғат
Автор: ainurkossybekova • Май 23, 2022 • Лекция • 5,161 Слов (21 Страниц) • 184 Просмотры
[pic 1]
№2 орта топпен өткізілген ашық сабақ
Тақырыбы: «Көктемгі табиғат»
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Косыбекова А.М
Алматы, 2022 жыл
№2 орта топпен өткізілген ашық сабақ
Уақыты: 04.04.2022 ж
Білім беру саласы: қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: қазақ тілі
Апта: « Бірге еңбектенеміз»
Тақырыбы:« Көктемгі егіс»
Мақсаты: Көктем мезгіліндегі егіс кезіндегі адам еңбегі туралы ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:Балалар көктемгі еңбек түрі ағаш отырғызуды, оны баптауды біледі.
Тілдік мақсат: күн, су, ағаш, бүршік, жапырақ
Қолданылатын ресурстар: Көктем мезгілінің, ағаштың суреті
ҰОҚ өтілу барысы | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Сәлемдесу, балаларды түгендеу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру | |
ҰОҚ негізгі бөлім Тақырып бойынша жұмыс | Кәнекей,бәріңе бір сұрақ. Айтыңдаршы, қазір қандай мезгіл? Жарайсыздар! Қазір көктем мезгілі. -Күн, күн неге күлімдейді? - Жаңбыр, жаңбыр неге сыртылдайды? - Бұлақ, бұлақ неге сылдырайды? - Құстар, құстар неге сайрайды? Суретпен жұмыс Балалардың назарын тақтада ілулі тұрған көктем мезгілінің суретіне аудару. Күн жылынды. Құстар ұшып келді. Ағаштарды отырғызу, баптау жұмыстары басталды Көптеген еңбектердің түрлері бар.Сол еңбектің бірі көктемгі еңбек. Барлық адамдар көктемде далаға,егіс даласына шығады.Ағаш отырғызып, гүл егеді. Ағаштардың жақсы өсуі үшін күннің жылуы маңызды. Оны баптап, су құю қажет. Сонда ағаштар да бүршік атып, ұсақ жапырақтара пайда бола бастайды. Балалар, біз көктем мезгіліндегі ағаштар секілді тербеліп сергіту сәтін жасап алайық. Сергіту сәті: «Ағаш» Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай бұталар Биік болып өседі. Тосын сәт: Осы кезде қонаққа Дымбілмес келеді. Дымбілместен балабақшаға не үшін келгендігін сұраймыз. Ол өз үйіне ағаш отырғызғысы келетіндігін бірақ оны қалай баптап өсіру керегін білмейтінін баяндайды. Балалардан көмек сұрауға келгендігін айтады. Балалар Дымбілмеске көмектесеміз бе? Дидактикалық тапсырма «Ағаш баптау» Ендеше балалар айтыңдаршы ағаштың жақсы өсуі үшін нелер керек? Тақтадағы ағаштың суретіне балалар күннің, судың суреттерін апарып жапсырады. Жарайсыңдар! Ағашқа күннің жылуын сыйладық. Оған су құйдық. Ағашымыз жайқалып өсе бастады. Енді ағашта қандай өзгерістер пайда болады? Балалар ағашқа бүршік пен жапырақтардың суреттерін апарып жапсырады. Мінекей біздің ағашымыз жайқалып, әдемі болып тұр. Дымбілмес: Балалар сендерге рақмет. Сондай керемет, білімді екенсіздер. Сендердің арқаларыңда мен ағашты қалай баптап өсіру керектігін білдім. Енді менің де өсірген ағаштарым жайқалып өсетін болады. Мен сендерге алғыс ретінде әдемі гүлдерді сыйлағым келеді. Балалар Дымбілместің сыйын қабыл аламыз ба? Дымбілмес балалар мен мұғалімге гүлдерді таратып береді. Балалар Дымбілміске қандай сыйқырлы сөзді айтамыз? Жарайсыңдар! Ендеше балалар, қонағымыз Дымбілмеспен қоштасайық. | –Көктем –Көктем келді –Көктем келді –Көктем келді –Көктем келді Балалар өлеңді айтып, оны қимылмен көрсететді. Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі Кіп-кішкентай бұталар Биік болып өседі. -Иә -Күн керек -Су керек -Мейірім керек -Бүршік атады -Жапырақтар өседі -Иә, иә -Рақмет! Балалар Дымбілмеспен қоштасады |
Рефлексия | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Бізге қонаққа кім келді? |
...