Еріктілік нағыз ерлік
Автор: asemoka.004 • Апрель 2, 2023 • Лекция • 1,550 Слов (7 Страниц) • 251 Просмотры
Автор: Сагидуллина Әсем Амирханқызы
Жұмыстың атауы: «Еріктілік нағыз ерлік»
Жұмыс түрі: жоба( гуманитарлық бағыт )
Оқу орны: «Орал гуманитарлық-техникалық колледжі»
Мекен-жайы: Қасым Аманжолов 108 Телефоны: 50 44 49
Автордың мекен-жайы: Орал қаласы, Бірлік 13, Телефоны: 87081783504
Электронды поштасы: sagidullina2004@icloud.com
Жоба мақсаты: Заман ағысында бірде төмен, бірде жоғары дамып келе жатырған қоғамдағы еріктілер тобының рөлі. Жомарттықпен рухани ортаны кемелдене түсетін еріктілер қоғамын кеңінен насихаттап келер ұрпақпен бүгінгі ұрпаққа насихаттау.
Міндеті: Қоғам игілігі үшін ерікті еңбек идеяларын насихаттау арқылы жоғары адамгершілік қасиеттерді дамыту. Жомарттықпен қайырымдылықтың, кішіпейілдікпен, парасаттың туын биік көтеру.
Жоспары:
- Еріктілердің қоғамдағы маңызы.
- Көңілбай Шүкенов не дейді?
Мен еріктілік жолыма қалай келдім?
- Қорытынды
Дайындаған: Сагидуллина Әсем Амирханқызы
Жетекшісі: Утегенова Набира Акылбековна
Азаматтық қоғам мықты болса, мемлекет те мықты болады. Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түйсінер кез келді. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, «Саяси ғылымдар» мамандығы бойынша PhD. докторы Алуа Жолдыбалина: Елімізде азаматтық қоғам әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен соңғы 5-10 жылдың ішінде еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны артты, қамтитын бағыттары біршама кеңейді. Азаматтық қоғам институттарына үкіметтік емес ұйымдардан бөлек, саяси партиялар, еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық қорлар да жатады. Бұл үрдіс, айтқанымдай, даму үстінде. Бүгінде ең басты назарға алатын, дамытуды қажет ететін мәселе – волонтерлер институты. Сонымен қатар азаматтардың шешім қабылдауға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін шаралар мен бастамаларды қолға алу керек. Еліміздің мықты болуын қаласақ, әуелі жастардың қозғалысын қадағалау керек деп ойлаймын. Жастар қоғамы еріктілік жолын таңдап, айналасына мейірім тілеп жүрер болса. еліміз жоғары дәрежеде өркендей бермек. Еріктілер біздің бүгінгі өмір салтымыздың негізгі бөлігіне айналған сияқты. Волонтерліктің маңызы зор, өйткені ол ізгі мақсаттарға, артықшылығы аз адамдарға және жалпы қоғамға шешуші көмек ұсынады. Көптеген үкіметтік емес ұйымдардың немесе қайырымдылық ұйымдардың ішінара үкімет қаржыландыратындығына байланысты, олар штаттағы қызметкерлердің жалақыларын ала алмайды, сондықтан олар көбіне еріктілердің жылы лебіздеріне тәуелді. Еріктілер біздің бүгінгі өмір салтымыздың негізгі бөлігіне айналған сияқты. Волонтерліктің маңызы зор, өйткені ол ізгі мақсаттарға, артықшылығы аз адамдарға және жалпы қоғамға шешуші көмек ұсынады. Көптеген үкіметтік емес ұйымдардың немесе қайырымдылық ұйымдардың ішінара үкімет қаржыландыратындығына байланысты, олар штаттағы қызметкерлердің жалақыларын ала алмайды, сондықтан олар көбіне еріктілердің жылы лебіздеріне тәуелді. 5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күні. Бұл күн БҰҰ-ның шешімімен 1985 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі. Ресми деректерге сәйкес, БҰҰ жыл сайын 8000 жуық кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды әлемнің дамушы 140 мемлекетіне жіберіп отырады. Әлемде еріктілердің 60-70 пайызы дамушы елдердің, 33 пайызы дамыған елдердің азаматтары. Бүгінде Қазақстанның еріктілері өзге елдерге барып жатса, шетелден де Қазақстанға келушілер көп.
...