Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Григорий Петровтың «Ақ лалагүлдер елінде»

Автор:   •  Октябрь 23, 2020  •  Анализ книги  •  29,420 Слов (118 Страниц)  •  3,894 Просмотры

Страница 1 из 118

«Финляндия – ақ лалагүлдер елі»

ӘОЖ  94(480)«19»

Григорий Петров

«Финляндия – ақ лалагүлдер елі»

Кітаптың түп нұсқасының аталуы:

BEYAZ ZAMBAKLAR ÜLKESİNDE (BIR MILLETIN UYANIŞI)

        Фин жұртының даму тарихы жөнінде жазылған Григорий Петровтың «Ақ лалагүлдер елінде» атты кітабы қазақ тілінде алғаш рет жарық көріп отыр.

Мемлекеттің өсіп-өркендеу жолындағы Снелманның ерен еңбегі ел қамын жейтін кез келген азаматқа ой салары анық.  

Ақ лалагүлдер мекені – бүгінгі өркениетті Финляндия мемлекетінің талайлы тарихы тартымды тіл, тұщымды тұжырымдармен келбетті баяндалады. Елім деп еңіреген ерлердің қысылтаяң шақтарда атқарған айтулы істері қызықты оқиға, қисынды тілмен өрнектеледі.

        Кітап мемлекет қызметкерлеріне, отбасын ғана емес, Отанын да ұшпаққа шығарғысы келетін жалпы оқырман қауымға арналады.

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе сөз
  2. Өмірді-өзгерткендердің оқиғалары
  3. Тарихтан сабақ алу
  4. Халық батырлары мен ұлт
  5.  «Икуйнен Тайстелу»
  6. Суомидің тарихы
  7. Ағарту ісінің көшбасшысы – Снелман.
  8. Ағартушы шенеуніктер
  9. Армия – елдің мектебі
  10. Футбол
  11. Ата-ана мен балалар
  12. Халық университеті (Карокеп)
  13. Ауылшаруашылығы
  14. Елдің денсаулығымен күрескен дәрігер
  15. Макдональд пастор

        

ӨМІРДІ - ӨЗГЕРТКЕНДЕРДІҢ ОҚИҒАЛАРЫ

        1909 - 1910 жылдарда Финляндияға екі рет сапар шегетін мүмкіндік таптым.Басқа елдерден ерекшеленіп тұратын көрінісі бар Финляндияның орналасуы қатты назар аудартатындай. Адамдардың ойлары, рухани жай-күйі, дүниетанымдары біздікінен өте ерекше. Бұл адамдарды зерттемекші болған біреу оларды біздің Жерден емес, бейне бір басқа ғаламшардан келген деп ойлап қалар еді. Финдік адамдар, өзгелерге қасиетті кітаптарда  айтылған ақ лалагүлдерді еске түсіреді.

        Ақ лалагүлдер мекеніне байланысты естеліктерімді және әсерлерімді 1914 жылы «Заманауи ой» атты журналда жариялап, былай деген болатынмын:

«Еуропаның ешбір елінде Финляндиядағы секілді үлкен бір алға жылжу болмаған. Финляндия Еуропаның ең жас мемлекеттерінің бірі болуы да маңызды. Фин халқы, бір уақыттарда Орал тауларында бой көтеріп, Волга жағасында тіршілік етіп, біршама уақыт болгарларға қоңсы болған. Болмысынан бейбітшіл болған Фин халқы ешкімнің өздеріне шабуылдамайтын, өздерінің де бөгделердің көздерін алартпайтын бір мекен іздеп, бүгінгі қоныстанған жерлерін өздеріне отан етті. Ол уақыттарда шалғай болып есептелетін бұл аймақта ешкім болмайтын еді. Қазіргі Фин аумағы жүздеген жылдар бойы Ресей мен Шведтердің арасында табиғи бір қамал ретінде болған. Ол жерлерде үлкен-үлкен батпақтар мен ну ормандар болғандықтан орыстар да, шведтер де ол жерлермен әскерлерін, керек-жарақтарын алып өте алмаған.

1808 жылдан бері Финляндия Ресейдің бір округі болған. Бұл жағдай І Дүниежүзілік соғысқа дейін жалғасты. Осы аралықта Финляндия Александр І патшаның тарапынан берілген құзыреттілікпен өз ішінде тәуелсіз болып, заңдары мен басқармаларын өздері бекітетін құқыққа қол жеткізді.

Петроград пен Виборг арасындағы қашықтық поезбен екі сағаттық жол. Петроградта Фин инженерлері қызмет еткен ерекше бір пойыз стансасы бар. Бұл алғашқы Фин стансасындағы ерекшеліктің өзі бірден назар аудартатындай. Орыстардың стансалары әдетте лас болатын. Билет кассаларында әрдайым ұрыс-керіс болып жататын.Петроградтағы Фин стансасы болса әрқашан мұнтаздай таза болатын. Ол жерде толық тыныштық пен тәртіп бар еді. Екі елдің вагондары арасында өте үлкен айырмашылықтар көзге бірден түсетін. Орыстардың вагондары тура біздікіне ұқсайды. Барлық жерде түкірік, қабырғалары қап-қара кір боп жатады. Жолаушылардың өз араларындағы және билет тексеруші арасындағы бітпейтін тартыстар, бітпейтін айқай-шуды байқайсыз. Ал, Фин вагондарында болса, немістердің вагондарындағыдай нөмірленген, әр жолаушы тек өзіне тиесілі орынға отырып, ешқашан орын үшін таласты байқамайсыз. Купелерде ешкімнің жоғары дауыспен сөйлескенін, темекі тартып немесе сыра ішкенін көрмейсіз, және әлбетте жан-жағына түкірмейді. Барлық вагондар үлгі боларлық деңгейде тап-таза. Түнделетіп жолға шығатын эконом класстағы жолаушылардың өзіне де таза төсенішпен аяқ созып жататын орындар дайындалған. Олар үшін бөлек төленеді. Қысқасы, сапар кезінде ыңғайсыз жағдайда болмайсыз. Егер ұйқыға кеткен болсаңыз купедегілер әсте даусын көтеріп  сөйлеспейді. Онсыз да, финдер  дауыс көтеріп сөйлесуді білмейтін халық. Финдердің Хельсинкоф қаласында Хельсинки көшесі, Виборгта Вибор деген көшесі және басқа қалаларында даңғылдар мен көшелер адамдарға лық толы болады. Топтасып жүрген немесе жеке жүрген адамдар танығандарына сәлем береді, әңгіме-дүкен құрады, бірақ айналасына ыңғайсыздық тудырмайды. Көшелерде қатты дауыс шығарып сөйлейтін жанды таба алмайсыз.Бұл жағдайдың өзі Финляндияда орыс мәдениетінің ықпалы жоқ екенінің көрінісі. Полициялар айқайламайды, жүк тасушылар ешқашан шу шығармайды, жолда кездесіп қалған таныстар тамақ жыртып, дауыс көтеріп әңгімелесіп жатпайды. Ешкім ойына келген уақытта, қалаған жерінде музыкалық аспапта ойнауға және өлең айтуға болады дегенді ойына да алмайды. Ал, Еуропаның біршама елдерінде мысалы, тіптен Францияда да түндегі көше шуылынан ұйықтаудың өзі мұң.

...

Скачать:   txt (404 Kb)   pdf (692.4 Kb)   docx (122.5 Kb)  
Продолжить читать еще 117 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club