Балаларды табысты оқытудағы ата-аналардың рөлі
Автор: TemirgalievaDO • Май 26, 2024 • Реферат • 371 Слов (2 Страниц) • 171 Просмотры
Балаларды табысты оқытудағы ата-аналардың рөлі
Ата-анал баланың оқу жетістігінде өте маңызды рөл атқарады. Олар баланың оқуға деген қызығушылығын қалыптастырушылар болып есептеледі. Егер отбасында кітап оқуға деген сүйіспеншілік бар болса, бұл бала санасында дамуға ұшырап, кітап оқуға деген құлшынысы пайда болады, спортқа сүйіспеншілік болса – спортпен шұғылданып кету ықтималдылығы өте жоғары. Кәсіби деңгейде болмаса да, әуесқойлықтың қалыптасатыны анық. Абай Құнанбайұлы да өз әжесі мен анасынан білімге, ғылымға деген құштарлықты бойына дарытқан. Ол үшін ұлы жолда тәрбиеші болған – отбасысы. Ата-ананың баланы тәрбиелеудегі рөлін екі санатқа бөлуге болады: пассивті және активті әсер.
Пассивті рөл деп оқу позициясына, баланың мотивациясына, оқу процесін құрудағы әдеттерге, мектеп қоғамындағы жағдайға және т.б. процестерге қатысты бейсаналық әрекеттерді атаймыз. Өмір бойы балалар өздерінің мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінде ата-аналарына назар аударады. Егер жұмыстан кейін әкесі немесе анасы шаршап, ашулы күйде келсе, баланың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігін азайтуға деген шешім қабылдау ықтималдығы артады. Сондай-ақ, баланың оқудағы жағдайына ата-ананың жетістіктер мен сәтсіздіктерге байланысты реакциясы үлкен әсер етеді. Балаларға ересектерге қарағанда өз мотивациясынсыз белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қиынға соғады. Сол себепті, бұл мәселеге келгенде ата-ананың қабылдауы жоғары деңгейде болуы керек.
Активті рөл ретінде ата-ананың баласының оқу процесін реттеу және қолдау үшін саналы, мақсатты әрекеттерін атайды. Активті әрекеттердің ауқымы пассивтіге қарағанда кең және айқын байқалады. Бұл жердегі ең маңызды әрекет – оқу мотивациясы болып есептеледі. Ол нәзік құрылым болып табылады және оның құлдырауы баланың жасөспірім кезеңіне енуімен тұспа тұс көрінеді. Себебі, олар үшін өмірдегі басты міндет – құрдастарымен жақсы қарым-қатынас құру болып, оқу екінші орынға түсіп кетеді. Бұл сәтте ата-ана мен мұғалім арасында өте тығыз байланыс пайда болып, қарым-қатынас нығая түсуі керек.
...