Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Музыки"

Автор:   •  Декабрь 22, 2021  •  Контрольная работа  •  598 Слов (3 Страниц)  •  256 Просмотры

Страница 1 из 3

Үй тапсырмасы:

  1. Музыка пәнін оқыту әдістемесі дегеніміз - балалармен музыкалық жұмыстың міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастырылуын, формалары мен əдістерін зерттейтін пəн.
  2. Музыканың басқа пәндермен байланысы

Мектептердегі музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын жымдастыра сапалы етіп өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндеттерінің бірі. Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп,жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбилеуде айтарлықтай нәтежеге жетуге болатыны сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология, педагогика, тіл мен әдебиет, тарих, философия, әлеуметтану, медицина, көркем өнер мен бейнелеу, т.б хабардар болуы керек.Сонымен қатар мұғалімнің ой-өрісі, түсінігі кең болуының арқасында осы аты аталған пәндердің сабақ тақырыбына байланысты, музыкалық шығармаларды тыңдату, әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру керек.

Үйретілетін әндердің сөздерің оқыту, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ережеге сай меңгертуге үйретуде,(дикция мен жұмыста) орфографиялық ережелермен тығыз байланысын көрсетеді. Қатаң дыбыстардың айтылуы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың қатар келуіндегі үндестік заңдылықтарды ескеру, мысалы, түнгі аспан (түнгаспан),

қайда қалып (қайдағалып),т.б осындай көптеген тіл пәнімен байланыстың болатындығын байқауға болады.Ал үйретілетін әннің сөзінің мазмұнын түсіндіре отырып, мәтіннің ұйқасын, құрылысын меңгертуде, оның музыкамен қандай байланысы бар екендігін сезіндіру кезінде әдебиет пәнімен тығыз байланыстырамыз.

Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары, әдеби мұраны ұрпақтан – ұрпаққа ұластырушылар ақпа ақын-жыраулар мен жыршылар болған. Кішігірім лирикалық, шешендік, сықақ мәнді өлеңдерден бастап, эпикалық поэмалар мен дастандарға дейін ақындар қолма-қол шығарып, сол жырлармен өздері естіген мол мұраларды сан жылдар жадында сақтап, өңдеп, дамыта жырлап, сол өнерін қаннаттас ақын-жыршыларға жеткізіп отырған.

Музыканың әдебиетпен, поэзиямен байланысы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Музыка сабағының ықпалы тартымды, қызғылықты болып жасөспірімдердің музыка әлеміне, оның терең де сырлы, сиқырлы түбіне бойлай түсу үшін көркем суреттің әсері бар.

Көркемсурет адамның көзбен көруі арқылы сезіміне әсер етеді, әр түрлі бояулары, оның мазмұны, адамды толғандырып түрлі ой салады. Өйткені, тарихты зерттеу кезінде, өткен тарихымызды біз тек сурет, мүсін арқылы танып білеміз. Өткен тарихи өмірімізді археологиялық қазбалардан табылған мұрағаттардағы суреттерден, қолжазбалардан қарап болжау арқылы тарихшылардың сараптауы арқылы білеміз. Ал көркемсуреттің негізгі әсері музыкалық шығарманы насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болатындығы.

Мысалы, қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінде жар-жар, сыңсу, жоқтау

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (59.3 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club