Қылбұрау. С. Досанов
Автор: Динара Ниязбай • Январь 27, 2019 • Эссе • 638 Слов (3 Страниц) • 1,056 Просмотры
Мұқиятқызы Аяна
Сәбит Досанов "Қылбұрау"
"Көкпекті орта мектебі" КММ
Қазақ халқы еркін мемлекет болып қалыптасқанға дейін басынан көп қиындықты көрді. Шынымен де, қазақ тарихында жорықсыз өткен күн болды ма? Қазақ хандығы болып құрылғаннан тәуелсіздігімізді алғанға дейін қасірет пен қайғыны да, қуаныш пен жақсылықты да тең көрдік .
Ел қасірет шеккен ең ауыр кезең -"Ақтабан шұбырынды , Алакөл сұлама" жылдары, тыныш жатқан қазақтың екінші дүниежүзілік соғысқа араласуы, қасымыздағы Ресейдің отарлауы болды. Мен оқып шыққан Сәбит Досановтың "Қылбұрау" романы көршілес орыс халқының қазақты басынуы және халқымыздың басынан өткерген кезекті сынағынан көп хабар бергендей болды.
Солтүстігімізде шектескен мықты елдің қазақты басынып , үстемдік орнатқысы келді. Халқымыздың кең байтақ даласының құнарлы жерін өз мақсаттарына пайдалану басты мұраттары еді. Бұл ауыр кезеңдер 20 - ғасырдың басынан басталды. "Қылбұрау" романы бізге сол уақыттағы халық бейнесін, елі үшін жанталасқан ерлердің еңбектерін жеткізген . Бұл романның "Қылбұрау" аталуы да бекер емес. Себебі, қылбұрау дегеніміз-асау атты жуасытатын құрал . Ат сол арқылы қылбұрау салған адамға бағынады. Орыс-казак қазақтың мойнына өздерінің қылбұрауын салып, билік жүргізді. Елімізге сол ұлттың өкілдері қоныстана бастады. Оған дәлел – өзіміз тұрып жатқан Көкпекті өңірінің тарихы. 1827 жылы казактар Көкпекті бекінісін құрады.Сол кездегі орыс халқы 1599 адамды, қазақтар 1254 адамды құраған. Бір сөзбен айтқанда, орыс халқы қазақ жерін еншілеуді бастады.
...