Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоңыр үн- кербез қасиет

Автор:   •  Ноябрь 28, 2023  •  Эссе  •  323 Слов (2 Страниц)  •  129 Просмотры

Страница 1 из 2

Нигметоллиева Камила

Қоңыр үн- кербез қасиет

Қауымның көңілін қайнаған тіршіліктен көлегейлеп, қаны қызған ханын да, бағы озған қарасын да, күні келген кәрі мен жігерленген жасын жиып, келіншегі мен кемпірін, таранған сұлуы мен тебінген төресіне тірлігін еріксіз ұмыттырып, төгілтіп- толқытып, сан мәрте балқытып, кейде асқақтата, кейде күңіренте келіп, ортаға жиған қасиеттім- ай...

Қаншама тағдыр қосылған бұл ортадағы бір- ақ ән барлығының шешілмеген жұмбағына жауап тауып, құлазыған көңіліне қолдау болуға жетіп жатыр. Бір- ақ ән...

Ол баймын деп тасығанды, жалғызбын деп жасығанды орнына қойды, шүкірсізді тәубеге әкеліп, қайғышылға «Алла» дегізді. Ол қуанышта да шырқалды, қайғыда да күңіренді, біреудің ғашығына арнап ұшырған көгершіні де болды, біреудің жауына жұмсаған қылышы болып шапты.

Осынша ауыр жүкті, бітпес жауапкершілікті бар ырғағына сыйдырып, жылдар бойы төгіліп, жаңа заман мен көненің көпірі болып келе жатырған да- бір- ақ ән. Ал егер оған 10 тармақтық өлең мен еліткен қайырма деп қана қарасаңыз, қателескеніңізді қайдам, бірақ ғұмырыңызға өсиет болар қасиеттен қағылып жатырсыз. Өйткені бір- ақ әннің баянында бар тарихтың тағдыры, тілі мен мәдениеті, өмір салты, көзқарасы бейнеленген. Егер ән болмаса, біз хайуан мен адам арасындағы осынша ыстық ықыластан бейхабар болар едік. Сағыныштың оты адамды осынша күйдіретінін Шолақтың «Ғалиясы» тумағанда сезбес те едік. Мұса егер мұңын әнмен шақпаса, сол заманғы шонжар әділетсіздігінің қазіргі кезде жойылғанын аңғара алмас едік. Түптеп келгенде, олар әнмен қалдырған асыл ақылдың арқасында біз қазір «өсиет», «ақыл» деген нәрсенің шынымен қалай естілетінін білеміз.

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (37.8 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club