Қонақтар Төлен Әбдіков
Автор: balzanakiseva94 • Май 2, 2023 • Анализ книги • 520 Слов (3 Страниц) • 255 Просмотры
Қонақтар Төлен Әбдіков
Қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар қаламынан таным тамшылары мөлдіреген қабырғалы жазушы Төлен Әбдіковтың "Қонақтар" әңгімесі бүгінгі күнде өзектілігі жоғалтпаған үлкен мәселені көтеретін шығарманың бірі бұл шығарманың идеясы Ерқабыл қарт пен кеипірінің қартайған шағында жалғыз ұлының қызығын көріп, немере сүйіп отыруды армандаған, алайда бетіне қараған жалғыз баласын қатарынан кем қылмай, білім алсын деп оқуға жіберген. Кейін ұлының қызметі өсіп үлкен геолог болып қалада қызмет атқарып қалып қояды. 70 -тен асқан ата - анасына қамқорлық жасамаған ұлдың, әкесінің қартайған шағында туған жерін, қара шаңырағын тастап кетуге қыймай ауылында қалып қойғаны әңгіменің идеясы болып табылады. Ұлы Сапарбек бірсөзде қазақша білмейтін Томаға үйленіп,ортадағы баласы Жеңісбектің де орыс сыныбында оқитынын, туған тілін ептеп қана білетінін әкесі мақтанышпен айтқанына қайран қалуға болады. Сол заманда ана тілін білмей орыс тілінде сөйлеуі кеңес үкіметінің жүргізген астарлы саясатын айқын көруге болады. Бауыржан Момышұлы екі қазақтың бір бірімен орыс тілінде сөйлескенін қорқамын деп уайымдағаны бекер емес екені, расында бүгінгі күні де өз тілімізде сөйлейтін қазағымның азайып бара жатқаны жасырып емес, сол үшінде автордың осы шығармасын өзекті деп ойлаймын.
Автор бұл шығарма арқылы тек қана тіл мәселесін сөзге тиек етпейді, сонымен қатар ата ананың алдында баланың перзенттік борышын өтеу керектігін міндетті түрде шарт деп есептеймін. Кез келген ата ана баласын өсіреді, тәрбиелейді, оқытады, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаты қатайғанша бағдар беріп отырады. Сонымен қатар ол баласының қанаты қатайған кейін сол балаларынан қамқорлық күтеді. Алайда бұл шығармада автордың айтайын дегені баласы үмітін ақтаған Сапарбектің бейнесі арқылы өзінің кезекті еңбек демалысында 1 ай бойы курорттта дем алып, уақытын өткізіп,тек ата анасына дегенде 1 күнін зорға арнауы бұл шығарманың
...