Қиял-ғажайып ертегілер
Автор: anar87 • Март 21, 2025 • Курсовая работа • 24,573 Слов (99 Страниц) • 11 Просмотры
Қиял-ғажайып ертегілер
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………….........……………..3
1 Қиял-ғажайып ертегілер: генезисі, типологиясы…………………........………...4
1.1 Қиял-ғажайып ертегілерінің мифке қатысы…………………………................4
1.2 Қиял-ғажайып ертегілерінің жанрлық ерекшелігі………………………........12
2 Қиял-ғажайып ертегілер поэтикасы…………………………...….........………..21
2.1 Қиял-ғажайып ертегілеріндегі сюжет ерекшелігі…………………….........…21
2.2 Қиял-ғажайып ертегілеріндегі мотивтер………………………..........…..........32
3 Қиял-ғажайып ертегілерінің типологиялық ерекшеліктері және әлем ертегілерімен байланысы…………………………...………………………...........41
3.1 Қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлер әлемі…………………………........41
3.2 Қиял-ғажайып ертегілерінің әлем ертегілерімен байланысы…………...........52
Қорытынды…………………………...…………………………...……….........…..60
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………...……………………............63
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйін- де емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар бұрынғы аң- шылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Осыған байланысты жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір секілді кейіпкерлер түрлі мінез-құлықпен танылады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.
Қазақ фольклорында ертегілер С.Қасқабасовтың классификация негізінде халық прозасы ретінде анықталады. Ғалымның пікірінше, ертегілер қиял-ғажайып ертегілер, жануарлар туралы ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер деп ажыратылады. Зерттеу жұмысында қиял-ғажайып ертегілер жан-жақты таоданған.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің генезисін, типологиясын, кейіпкерлер әлемін талдау.
Тақырыптың зерттеу объектісі. Ғылыми жұмыстың нысаны ретінде қазақ, орыс зерттеушілерінің зерттеу еңбектері, пікірлері негізге алынды. Соның ішінде В.Пропп, Е.Мелетинский, С.Қасқабасов пікірлері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ фольклоры, фольклор, мифология пәндерінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қиял-ғажайып ертегілердің генезисін анықтау;
- Қиял-ғажайып ертегілердің типологиялық ерекшеліктерін айқындау;
- Қиял-ғажайып ертегілер поэтикасын талдау;
- Кейіпкер әлемін талдау.
Зерттеу әдісі. Зерттеу жобада бұған дейін зерттеліп, ғылыми айналымға түсірілген тілші-ғалымдар мен фольклортанушы ғалымдардың еңбектері анализдеу тәсілі негізінде қарастырылды. Екіншіден, салыстыру әдісі арқылы қазақ және түркі халықтарының қиял-ғажайып ертегілері талданды.
Дипломдық жобаның ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы. Дипломдық жобаның ғылыми жаңалық сипаттары төмендегідей тың концепциялар, тұжырымдамалар мен дәлелдемелер ретінде ғылыми айналымға енгізіліп отыр:
- Қазақ ертегілерінің ішінде қиял-ғажайып ертегілердің генезисі, типологиялық ерекшеліктері анықталып, батырлық ертегілер бөлек арна ретінде қарастылды;
- Қиял-ғажайып ертегілердің типологиялық ерекшеліктері, сюжеттері, ондағы «ғажайып туу», «тез ep жету» мотивтері анықталды;
- Қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкер әлемі анықталып, жекелей қарастырылды;
- Қиял-ғажайып ертегілердің түркі халықтарының ертегілерімен байланысы айқындалды.
Дипломдық жобаның ғылыми тұжырымдарын, пікірлері мен қорытындыларын қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептерде, жоғары оқу орындарындағы филология факультетіндегі мифология, фольклор, когнитивтік лингвистика пәндерінде қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу базасы. Тілші-ғалымдар, әдебиетші зерттеушілердің еңбектері, қазақ және түркі халықтарының ертегілері.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
...