Ғажайып панда
Автор: araikozha • Сентябрь 25, 2018 • Реферат • 4,250 Слов (17 Страниц) • 1,195 Просмотры
Тақырыбы: Ғажайып панда
Алматы, 2018 ж.
Мазмұны
1. | Кіріспе ............................................. .......................................... | 4 |
2. | Негізгі бөлім........................................................................... | 6 |
2.2 | Панда туралы жалпы мағлұмат............................................... | 6 |
2.3 | Өмір сүру салты.......................................................................... | 8 |
2.4 | Жойылып кету себептері....................................................... | 10 |
2.5 | Пандаларды қорғау жолдары................................................. | 13 |
2.6 | Қызықты мәліметтер............................................................... | 14 |
2.7 | «Ақылды аю» аңыз-әңгімесі................................................... | 16 |
3 | Эксперимент жұмысы. Сауалнама нәтижесі..................... | 18 |
4 | Қорытынды................................................................................. | 19 |
5 | Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................... | 20 |
6 | Қосымшалар......................................................................... | 21 |
Кіріспе
Табиғаттағы кез келген тірі жан иесі өзінше ерекше әрі алуан түрлі болып келеді. Жер шарында өзіндік ерекшелігі бар, тіпті ертегідегідей жануарлар да кездеседі. Соның бірі – Панда. Оны Бамбук аюы деп те атайды.
Біз екінші сыныпта оқимыз. Дүниетану сабағынан жануарлар туралы өткен кезде біз Пандамен таныстық. Ол туралы көптеген қызықты мағлұматтар алдық, мысалы, ол аю тұқымдасына жататын сүтқоректі жануар екендігін және Қытайдың Сычуань-Шэньси, Ганьсу және Тибеттік таy беткейлерінде кең таралғандығын білдік. Бірақ қазіргі уақытта осы жануардың саны азайып, жоғалып бара жатқандығын білсек те, оны қалай сақтап қалу керектігі туралы сұраққа жауап таба алмадық. Сол үшін апайымыз осы жануар туралы зерттеу жұмысын жүргізуді ұсынды.
Пандалар үлкен және кіші пандаларға бөлінеді.
Үлкен және кіші пандаларда аюдың да, жанаттың да белгілері бар. ХІХ ғасырдың соңында ғалымдар төрт үлкен панданың терісін зерттеп, үлкен панда ежелгі аю өкілі, қазіргі аюлардың дерлік бабасы деп шешкен. Соңында, генетикалық тестттің нәтижесі пандалар шын мәнінде аю болып табылады және оның ең жақын салыстырмалы туысы Оңтүстік Америкада тұратын көзілдірікті аю екенін дәлелдеді.
Қазіргі таңда пандалардың жоғалып кету қаупі төніп тұр. Соңғы деректер бойынша, Қытайда қазір 239 панда адам қолында тіршілік етіп жатыр. 27 панда өзге елдердің хайуанаттар бағында жүр. Панданың мекен ететін ортасы ЮНЕСКО-ның қарамағына алынған. Панда аюы қазіргі таңда сирек кездесетін, аз қалған және жоқ болып кетуі қаупі бар жануарлардың тізіміне кіреді. Оларды қорғау үшін, көбейту үшін көптеген жұмыстар жасалынып, әлемдік деңгейде ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Дегенмен, біздің елімізде панда аюы өмір сүрмесе де, бұл мәселені өзекті деп тауып, оны қорғау жолында өз үлесімізді қосуды мақсат тұтып, айтылған қарама-қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіре келе, зерттеудің проблемасын анықтап және тақырыбын «Ғажайып панда» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу пәні: Панда аюы.
Зерттеу нысаны: Панданың тіршілік ету әрекеті.
Зерттеу мақсаты: Панда аюының неліктен Қызыл кітапқа енгендігін теориялық тұрғыдан негіздеу, жойылудан сақтау жолдарын қарастыру, ұсыныстар жасау.
Зерттеу болжамы: Егер панда аюын қорғап қалудың жолдары көрсетіліп, ұсыныстар жасалса, онда оларды сақтап қалу мүмкіндігі артады, өйткені ұсынылған әдістер осыған дейін зерттелген тәжірибелерге негізделген.
Зерттеудің міндеттері:
1. Панда аюының тіршілік ету ерекшеліктерін зерделеу;
...