Аудиторияға кіріп студенттермен амандасып, студенттерді тексеріп шықты
Автор: saimon000011 • Май 31, 2018 • Реферат • 988 Слов (4 Страниц) • 735 Просмотры
25.01.2016жж. жылы жетекшім болып тағайындалған Сарт Мариям мұғалімнің сабағына қатыстым.
Пәні: информатика
Курсы: 1
Мамандығы: ГЖЖ9-215
Студенттер саны: 13 (қосымша В)
Қатысқаны: 2 қыз 10 ұл бала
Қатыспағаны: 1
Аудиторияға кіріп студенттермен амандасып, студенттерді тексеріп шықты.
Сабақ тақырыбы: Объектілерді топтастыру. Әр түрлі белгілер бойынша
ақпаратты топтастыру
Сабақ түсіндіру барысында видеопроектор, ноутбукты пайдаланып сабақты түсіндірді. Дәрісті 90 минуттың 45 минутында түсіндіріп, қалған минутында жазғызды. Және сабақ барысында студенттерге алдыңғы сабақпен пысықтау жүргізді. Сабақ барысында барлық студент сұрақтарға жауап берді. Бірақ соның ішінде 8 студентті белсенді ат салысып отырды.
Мұғалім көбінесе сабақ қорытындылауын тест есебінде алады екен. Әр студенттке сұрақ немесе тест есебінде сұрап қорытындылайды.
Сабақ түсіндру барысында Сарт Мария мұғалімнен байсалды, студенттерге барлығын жан-жақты түсіндіріп өтуді және студентті өзіңді тындата білу керектігін үйретті. Тосын жайлардан шығуға дайын болу керек екенінде айтып өтті. (қосымша Ә)
27.01.2016жж. күні Умирзакова Анар мұғалімнің сабағына кірдім. Ол мұғалім информатика пәнінің мұғалімі.
Пәні: информатика
Курсы: 1
Мамандығы: ТЖҚ9-515
Студенттер саны: 13 (қосымша Б)
Қатысқаны: 10 ұл бала
Қатыспағаны: 3
Студенттермен амандасып, сабақта кім бар жоғын тексеріп шықты. Алдыңғы сабақты студенттерден толықтай дерлік сұрап шықты. Сұрауына 40 мин кетті.
Жаңа сабақ тақырыбы: Ақпараттық жүйенің құрылымы, ұғымы.
Сабақ түсіндіру барысында видеопроектор, ноутбукты пайдаланып сабақты түсіндірді. Сабақ өткен сабақпен аралас түрінде өтті. Себебі өткен тақырып осы сабақпен тығыз байланыста. Сабақ барысында барлық студент сұрақтарға жауап берді. Бірақ соның ішінде 5 студентті белсенді ат салысып отырды.
Сабақ түсіндру барысында мұғалім байсалды, студенттерге барлығын жан-жақты түсіндіріп өтті. (қосымша С)
29.01.2016жж. күні жетекшім болып тағайындалған Сарт Мариям мұғалімнің сабағына қатыстым.
Пәні: Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Курсы: 2
Мамандығы: Компьтерлік құрылғыларды жабдықтаушы техник
Студенттер саны: 24 (қосымша Д)
Қатысқаны: 15 қыз 7 ұл бала
Қатыспағаны: 2
Аудиторияға кіріп студенттермен амандасып, студенттерді тексеріп шықты.
Сабақ тақырыбы: Өрнек типі. Стандартты функциялар
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Студенттермен амандасу, кабинетті ретке келтіру, студенттерді түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрап шықты. Жаңа сабақ түсіндірді.
Дәрісті 90 минуттың 45 минутында түсіндіріп, қалған минутында жазғызды. Және сабақ барысында студенттерге алдыңғы сабақпен пысықтау жүргізді. Сабақ барысында барлық студент сұрақтарға жауап берді. Бірақ соның ішінде 15 студентті белсенді ат салысып отырды.
Мұғалім студенттерді жаңа сабақтың бекіту сабақтарына жауап беруіне, жалпы сабаққа белсенділігіне қарап бағалады.
Сабақ түсіндру барысында Сарт Мария мұғалімнен байсалды, студенттерге барлығын жан-жақты түсіндіріп өтуді және студентті өзіңді тындата білу керектігін үйретті. Тосын жайлардан шығуға дайын болу керек екенінде айтып өтті.
26.01.2016 жж. Осы күні 2 курстарға ашық тәрбие сағатын жүргіздім. (қосымша А)
Тақырыбы: Біз бір жылға есейдік
Мақсатым: Студенттердің бір жыл бойы алған білімдерін қорытындылау, ой өрісін дамытып, мамандыққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру, уақытты тиімді пайдалану, өзін-өзі сын көзбен қарауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
...