Қазақстан Республикасының геосаясатына талдау
Автор: dameliobieber • Декабрь 1, 2022 • Реферат • 2,576 Слов (11 Страниц) • 356 Просмотры
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Инженерия факультеті
“ Компьютерлік ғылымдар” кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының геосаясатына талдау
Орындаған: Жадыгер Сымбат
Қабылдаған: Бақберген Қанат
Тобы:АИА-111
2022-2023
Жоспар
Кіріспе
1.Геосаясат ұғымы
Негізгі бөлім
1.Қазақстандағы геосаясаттың маңыздылығы
2. Қазақстандағы геосаясаттың басты бағыттары
3.Ұлттық қауіпсіздік – геосаясаттың басты бөлімі
Қорытынды
1.Пайдаланылған әдебиеттер
Геосаясат — адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады. Еуразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Қазақстанның геосаяси жағдайы Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат - елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймактык, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты. Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша кейіптеген жөн: - экономика жағынан еброазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса икемділігі, жастығы кепіл; - географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс, оңтүстік-солтүстік көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны куә; - этнодемографиялық жағынан – түркілік қарашаңырақ, оған тарих та, объективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да итермелейді; - діни сенімі жағынан – дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса жақтаспайтын зайырлы мемлекет. Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазырдан бастап сыртқы ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн.Қазіргі дүниежүзінде болып жатқан күрделі мемлекет аралық соғыстардың нәтижесінде Қазақстан аумағына еуропа мемлекеттерінің әуе компаниялары Қазақстан аумағынан өтетін болып қабылданды, бұл дегеніміз енді Қазақстан мемлекетінің халқы Еуропа елдеріне бару билеті арзандап , көптеген мүмкіншіліктер ойнайды деген сөз. Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе - капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты. 1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге қосылды. Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім - ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің - Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым- қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды. Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млн доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең соңғы ядролық заряд жойылды.90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді: АӨСШК -Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі. Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындағы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді. 1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауғанстан,Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мүше болды. Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік- экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бiрiгу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді. Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.Қазақстан және халықаралық ұйымдар Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді. Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы), Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай. 1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51- мемлекетке айналды. 1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53- сессиясы Халықаралық ынтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру деп аталған қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде.Қазақстанның көптеген ұйымдарда болуы, көптеген мемлекеттермен достық қарым-қатынас жасауы мемлекет үшін барлық жағынан тиімді . Мысалы 2022 жылы қаңтар айында болған наразылық шаралары ушығып, мемлекет бақылауының шамасы жетпеген уақытта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрады. Ұйым мүшелері келесі күндері көмек күштерін жіберіп , елде тұрақтылық орнаған болатын.Сыртқы елдермен қарым қатынастың дамуы мемлекет дамуына да әсер етеді, мысалы медицина саласының дамуына басқа мемлекеттердің білікті дәрігерлері өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп көп көмегін тигізіп жүр. Туризм саласы да жақсы дамып келе жатыр, осы жылы Америка Қазақстан азаматтарына арнайы тілдік емтихандардан өтпей-ақ виза беруді қабылдап жатыр.Ал білім саласы Қазақстандағы ең жоғары дамып келе жатқан саласы десек те болады. Қазақстанның барлық университетінде делік шет елдердің мықты университеттеріне семестр немесе практикалық түрде білім алмасулары бар. Сол арқылы білікті мамандар көбейіп, Қазақстан өркендеуіне үлкен үлесін қосып жүр. Сыртқы саясат мәселелері ең күрделі мәселелер қатарына жатады, себебі қазақ жеріне көз тігіп отырған қаншама алпауыт мемлекеттер бар . Бірақ соған қарамастан біздің еліміз барынша достық бағытты ұстанады.Осындай қиын мәселелерді президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді шешіп келе жатыр.Тіпті бейбіт түрде Қазақстан жерін кеңейте алды.Бұл дегеніміз мемлекет басшысының парасаттылығы мен кемел басшы бола білуінің арқасында деп білемін.
...