Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фразеология және оның түрлері

Автор:   •  Ноябрь 28, 2021  •  Реферат  •  2,228 Слов (9 Страниц)  •  467 Просмотры

Страница 1 из 9

ФРАЗЕОЛОГИЯ

Тіліміздегі сөз байлығымызда тек жеке сөздер ғана емес, құрылысы жағынан күрделі бірліктер де кездеседі. Олар: ала ауыз, тайға таңба басқандай, төбе шашы тік тұру, қой аузынан шөп алмас, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған т.б. Мұндай сөздер қазақ тілінде мыңдап кездеседі. Оларды фразеология немесе тұрақты тіркестер деп атайды. Ал, фразеология сөзі екі мағынада қолданылады: 1) тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жалпы атауы; 2) тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Фразеология деп, кемінде екі сөздің, сонымен қатар бірнеше сөздің тұтас бір меншікті мағынаға ие болып, бір бүтін бірлікке айналуын айтамыз. Фразеологиялық тіркес құрамында 1) даяр қалпында жұмсалуы; 2) мағына тұтастығы; 3) тіркес тиянақтылығы басты белгі болып есептеледі. Мысалы: тайға таңба басқандай, ескі жараның аузын ашу деген фразеологиялық тіркестерді сиырға таңба басқандай, көне жараның ауызын ашу деп айтуға болмайды.

Фразеологизмдер қолданылу аясына қарай үш аспектіде қарастырылады: Тілдегі ең негізгі, өнімді жұмсалатын фразеологизмдер; Көнерген фразеологизмдер; Пассив фразеологизмдер.

Көне фразеологизмдер тілімізде көптеп кездеседі. Көне фразеологизмдерді де лексика тәрізді көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне архаизмдер мен историзмдер болып екі салаға бөлінеді.

Архаизмдер – халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдеп-ғұрпына, дүние танымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер. Историзмдер дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер тарихи сөздер деп аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен байланысты болады.

Қазақ тілінде архаизмге айналған фразеологизмдердің мынадай түрлерін айтуға болады:

1. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты: сауын айту; ұрын бару; жылу жинау; ат-шапан айып; ақ киізге көтеру; көрпе қиылдатар; шаш сипату; қол ұстатар; күйеу аттандырар; қара байлау т.б.

2. Діни ұғымға қатысты: азан айту; бармай тапқан қағба; үшкілсіз көйлек кию (о дүниелік болу); кыдыр дару; қыдыр қону т.б.

3. Үй тұрмысына қатысты: қара көзден жас кету; құнсыз кету; ит түрткі көру; қара табан; кесік құлақ; төбесін тесу (жазасын беру); жеті атасынан қара көк; қаралы ер тұрман; есігінде жүру; құрама шапшақ көп қымыз (бір күбі қымыз); қазаны оттан түспеу, дәулеті күнге артылу (баю, дәулеті молаю); ақ берен т.б.

4. Мал атауына қатысты: тоғынды сарты нар; табаны жалпақ тарлан (жүйрік ат); суын түсті жүйрік (тұлпар ат) т.б.

5. Адамға қатысты: қара мен төре; сөзі аузына сыймаған (шешен); қисық туу (мінезі нашар адам); алтын тонның жеңі болу (қадірлі, сыйлы); найзасының ұшы алтын кісі (ержүрек, батыр); көкірегі жаулы (ер жүрек) т.б.

6. Көңіл-күйге қатысты: көзін қамау (алдау); ақылды белден алдыру (ақылды тыңдамау); өкпесі торығу (сазайын тарту); желке терісі құрысу (ашулану); жүрекке сары су болу (уайымдау); мүйізі бұлтқа жете жаздау (қуану); топқа жаяу бару (қадірі кету) т.б.

7. Әр түрлі ұғымға қатысты: арғымақ сайлау (жауға аттану); хан-талау қылау (үлесіп алу); алпыс ала балта сындыру (көп әскерді жеңу), артқы топтан адаспау (елден қол үзбеу) т.б.

Тарихи фразеологизмдерді де бірнеше топқа бөлуге болады:

1. Тарихи кезеңдерге қатысты: алты сан алаш; қарағай басын шортан шалу; ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама; Қасымханның қасқа жолы; Есімханның ескі жолы; Күл төбенің басында күнде жиын; құба қалмақ заманы т.б.

2. Әскери атақ пен қару-жараққа қатысты: ала балта; алты құлаш ақ найза; білтелі мылтық; жүз басы; түмен басы т.б.

...

Скачать:   txt (32 Kb)   pdf (141.4 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club