Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Очерк және оның түрлері

Автор:   •  Апрель 5, 2018  •  Сочинение  •  1,379 Слов (6 Страниц)  •  5,513 Просмотры

Страница 1 из 6

                                

        

Очерк және оның түрлері

 

Очерк көркем әдебиет пен публицистиканың көп қырлы сонымен қатар, күрделі жанры. Очеркте публицистиканың айқын нышандары байқалса да, көркем әдебиеттің бұрыннан бері келе жатқан үзілмес бір бөлігі. Түптеп келгенде очерк шындықты саяси әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін жанр. Оқырман очеркті оқи отырып, одан адмдардың аты жөнін лауазымын емес, деректің «психологиясын» , ішкі жан дүниесін ашатын қызықты әңгімені іздейді.  

Көркемдік жағынан очерк журналистиканың басқа жанрларымен үзеңгілес болса да, оның өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығармауымыз керек. Оны көркем жанрлардың қатарында да, одан тыс та қарауға болады. Очерктің негізінде нақты өмірдің ақиқат деректері жатуы ғылыми зерттеуге ұқсатса, шындықтың бейнелі суреттелуі, көркем жинақталуы әдеби шығармамен ұласып кете бараны. Очерк өзінен кейін дүниеге келетін шығармалардың негізгі азығы болып саналады.

Очерк жанр ретінде көркемдік идеялық сипатарын дәлелдеу барысында қалыптасқан және белгілі бір әлеуметтік құбылыств әрі публицистика, әрі көркем өнер тұрғысынан өзгеше бедерлей алатын аралық жанр. Очеркте суреттелетін шындық өмірде болған не бар ақиқат, сондықтан да очерк өз кезеңінің шындығынан ғана тұрады. Дегенмен де, очеркті  көркем өнерден тыс қалдыруға болмайды.

Очерк журналистке белгілі бір оқиға төңірегінде оқырманға түсінікті, жылдам және қызықты етіп үн қатуға мүмкіндік береді. Журналист танымал адам бейнесін, ұйым портретін, тұрмыс, түрлі көзқарастар жайлы осы очерк жанры арқылы жеткізеді. Тақырыбы бойынша очерктің бірнеше түрі бар: портреттік очерк - тұлғаның өмірі, көзқарасы жайлы әңгіме; проблемалық очерк - автор ең алдымен маңызды мәселені талдап, оның адамдар әрекетіндегі көрінісіне тоқталады. Ғылыми-көпшілікке арналган очерк - ғылыми мэселелер туралы терең және дәйекті, бірақ баршаға түсінікті тілде айтады.

Сонымен қатар очеркте түрлі жанрлардың ерекшеліктері байланысады, мысалы, репортаж, есеп, суреттеме, корреспонденция. Бұл очерктің жанрлық еркіндігі  мен жан-жақтылығының белгісі. Авторға материалдың сюжеттік және стилистикалық, композициялық бірлігінде хабарлау үндестігін, мазмұндау ырғағын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Очеркке берілген анықтамалардан аңғарылатыны, очерк – өзінің табиғатында өмірдегі өзгерістерге тез бейімделетін жанр.  

Очеркшілердің шығармашылық әдісі туралы орыс очерктанушы ғалымы Евгения Журбина былай дейді: «Өз жанрының заңдылығына сергектеу қарайтын очеркшілер шығармашылық әдістерінің әр алуандығынаа қарамастан, мынадай ақиқатты бірауызлан мойындайды: ол очерк жанрының публицистикашыл қасиетінң, жанрлық төл сипатының, сондай  ақ, «көркемдіктің шыңына» бастайтын өзіндік жолы мен құралының болатыны».

Өмір шындығы мен өнер шындығы арасындағы айырмашылық туралы ғалым Ж.Дәдебаев: «Әдеби шығарма негізінде дерек, факт жатуы, тарихи дәуір шындығын көрсету үшін жазушының шығарма желісін бастан аяқ тек қана тарихи болған оқиғаға құруы шарт емес. Алайда, шығарманың материалдық болмысын, өзегін тарихи белгілі, ақиқат оқиғалар құрмайынша, белгілі тарихи дәуірдің шындығын  шынайы суреттеу тағы қиын» дейді. Яғни, очерк жанрының кқркемдік жүйесінде, тақырыптық болмысында тарихи өмір шындығының атқаратын рөлі анағұрлым зор.

Г.Поспелов “Әдебиет теориясында”: “Бірыңғай көркемдік міндет атқаратын новелла мен әңгімеге қарағанда, очерк баяндау тұрғысындағы шығарма, оның мақсаты – бейнелі түрде елестете баяндау, әрі бейнелі хабарлау” деген тоқтамға келген.

Қазақ әдебиеттануының негізін салушылардың бірі академик Зейнолла Қабдолов: “Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әртүрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс”  - дейді.

...

Скачать:   txt (20.4 Kb)   pdf (172.5 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club