Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіздік танымындағы метафора

Автор:   •  Июль 19, 2020  •  Реферат  •  1,005 Слов (5 Страниц)  •  726 Просмотры

Страница 1 из 5

Тәуелсіздік танымындағы метафора

Метафора бір қарағанда көп зерттелген тақырып секілді болып көрінуі мүмкін. Олай дейтін себебім, сөз өнерінен басқа метафораны тағы да тіл білімінің стилистика, лексикология, психолингвистика секілді салалары, сонымен қатар, қоғамдық маңызы бар эстетика, логика, философия    ғылымдары да қарастырады. Осы орайда зерттелуі жағынан алғанда, ғасырлар жігінде метафора өзінің шарықтау шегіне жетті ме?- деген  сұрақтың туындауы  заңды.

Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігінде метафора  терминіне мынадай анықтама берілген: «Сөздің ауыспалы, бейнелі мағынада қолданылу құбылысы» [1,593-б.].  Ал ғалым З.Қабдолов «Сөз өнері»  еңбегінде метафораны әдебиет теориясы, оның ішінде троптың (құбылтудың) бір түрі ретінде сипаттай келіп былай деп жазады: «Сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу, оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту» [2, 223-б.].

Поэзияда метафораның өмір сүруі үзілмей келе жатқан дәстүр. Егемендікке дейін және егемендіктен кейін ақындар жыры метафоралы айшықпен көремделе түсуде. Метафоралық қолданыс кез-келген қаламгерге тән. Қазіргі ақындардың жырларына кеңірек тоқтала кетсек, К.Әміржанұлының «Егеменді еліме қуанамын» деген өлеңінде:

 Арқалап қиын-қыстау өмір жүгін,

Тілектің асқарына жеттік бүгін [8, 9 б.] – деген жолдар бар. Бұндағы «өмір

жүгін», «тілектің асқары» дегендер метафоралық тіркестер қатарына жатады да, өлеңнің бейнелілік ерекшелігіне әсерін молынан тигізіп тұр. Жүк атаулының бәрінің ауыр болатынындай, отаршылдықтың отарында болған жылдардың халыққа тигізген қасіреті халыққа да оңай болмады. «Арқалап» деген де соған кеп саяды. Ақын метафоралық шеберлігінің арқасында тәуелділіктің төңірегінде тауқымет тартқан жылдарды осылай әсерлі етіп танытады. «Тілектің асқарына жеттік бүгін» деуі еліміздің елдікке жеткен, терезесі өзге елмен теңелген шақтарды аңғартуды көздеген жолдар.

М. Айтқожа «Тербейін тәуелсіздік талбесігін!» деген өлеңінде

қанша уақыт мехнат көрген халқымыздың тыныштыққа келіп тірелгенін, сол

тыныштықты баланы әлдилегендей бұзбау керек екенін шегелей түседі.

Тәуелсіздік елімізде орнағанына көп болмағанын буыны қатпаған баланың

бесікте жатқанындай етіп шебер көрсетеді.Жырдағы:

Қаншама құрбандықпен қолым жеткен,

Әлдиле тыныштықты,

Орман-далам! – деген, және:

Әлдиле тыныштықты,

шың-құздарым,

Жарқырап жансын аспан,

Жұлдыздарың! [2] – деген жолдардағы метафораның рөлі ерекше. Осындай ой   Ғафу Қайырбековтың: «Мемлекетім менің» өлеңінен орын алады.

Мұз құрсанған, ақ көрпеге оранған,

Қиын-қыстау, сары аяздан, бораннан

Қорықпастан туған менің бөбегім –

Мемлекетім – азаттығым оралған [21].

Осы жерде М. Қозыбаевтың: «Тәуелсіздікпен мақтану аз, оны жақтау жеткіліксіз, оны көздің қарашығындай сақтау парыз, ел мүддесін, халық мүддесін қорғап, оларды ақтау қарыз» [23, 245 б.], – деген пікірін айта кеткеніміз жөн. Ғ.Қайырбеков тәуелсіздікті бөбекке балағанындай,

Ө. Күмісбай тәуелсіздікті «сәбиім» дейді. Сәбиім деп қана қоймай,

дамыта, бірінің әсерін екіншісінен күшейте отырып данаға, анаға, аспан,

көкжиек, ғұмырға балайды:

Сәбиім, данам да сен, анам да сен,

Ұқсайсың алыпқа сен, далаға сен.

Аспанымсың, көкжиек, ғұмырымсың

Қазақстан, мәңгі бол аман-есен [15, 5 б.].

М.Айтқожа «Тербейін тәуелсіздік талбесігін!» өлеңін былайша жалғастырады:

Қақтырған қанатымды тірегім ел,

Қиырдан толып жеткен түлегің ем!

Жұртымды құшқан осынау тәуелсіздік,

Жыр болып,

Жатсын түлеп,

Жүрегімнен [2]!

«... Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыстарына тамырын терең

жіберген қиын тағдыр кешті. Ол, негізінен, тәуелсіздік жолындағы күрестен

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (81.1 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club