Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таза бұлақ

Автор:   •  Апрель 8, 2022  •  Эссе  •  598 Слов (3 Страниц)  •  1,078 Просмотры

Страница 1 из 3

Эссе

Таза бұлақ

Ұлы ұстазымыз Ыбырай бабамыздың ұстаздық қызмет атқарудағы еңбегіне, талпынысына арналған Жайсаңбек Молдағалиевтің «Таза бұлақ» шығармасы расымен де оқырманға Ыбырай туралы мәліметтерді беріп қана қоймай, тәлім-тәрбиеге үйретеді. Өзінің ұстаздық қызметіне «аш қасқырдай» ынталанып кіріскен Ыбырай атамыздың арқасында қазақ жерінде бұрын-соңды болмаған өзгерістер, жаңартулар, тың оқиғалар орын алған болатын. Қазақ жастарын оқу-білімге шақырып, білім нәрімен сусындатқан тұлғаның арқасында бүгінгі таңда оқу-білім арнасы үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметке келуіне бірден бір себепкер тұлға – Балғожа есімді атасы болды. Ата-анасынан жастайынан айырылған Ыбырай Балғожа атасының қолында тәрбиеленеді. Атасы Балғожа қазақ жеріне танымал, беделді, білімді әрі ұзынқыпшақ руынан таралған әулетке ие болып, ұрпақтарға жол сілтеген текті жан болған. Ыбырай бала шағынан зеректігімен көзге түседі. Атасы Балғожа немересін түрлі жиын-тойлар мен мерекелерге ерте жүріп, іскерлікке, білгірлікке, шебер сөз сөйлеуге үйретеді. Ыбырайдың болашақ өміріне атасынан айырылмай, үнемі бірге жүруі үлкен себін тигізсе керек. Немересіне зор үміт артып, орыс мектебінде оқуына да мүмкіндік жасаған да атасы еді. Ынталы, өмірге құштар жас атасының нұсқауымен Орынборда жаңа ашылған мектептің құрамындағы отыз оқушының құрамында Ыбырай да бар еді. Ұстаздық, ағартушылық қызмет үшін алған білімнің деңгейі әрқашанда маңызды. Сол себепті де Ыбырай Григорьевтің кітапханасы арқылы шетел ғалымдарының еңбектерін оқып, танысып, білімін одан әрі жетілдіре түседі. Ыбырай өз ұлтын үнемі мақтан тұтып, халқының қамын жеп, елдің жайын қалай да жақсартсам деген ниетпен еңбек еткен тұлға. «Таза бұлақ» романында Ыбырайдың балаларды оқытпақ ниетте Ресей патшалығынан көмек сұрағандығы жөнінде деректер келтіріледі. Себебі, қазақ жерінде ешқандай мектеп ғимараты тұрғызылмаған-ды әрі балаларға білім беруге мүмкіндік жоқ болатын. Ресей патшалығының жауапты тұлғалары қаламгердің өтінішін тыңдаса да, іс жүзінде жүзеге асырмайды. Ыбырай осы жағдайдан соң Торғай өңіріне аттанады. Өзінің бала оқытуға деген құштарлығы арқасында амалын тауып, алғашқыда оқушыларға өзінің үй-жайында сабақ береді. Ыбырайдың ашқан мектеп жүйесі Ресей тарихында болмаған дүние. Қазақ халқының сол жылдардағы тұрмыс-жағдайына

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (41.7 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club