Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сөз тіркесіне талдау

Автор:   •  Ноябрь 21, 2022  •  Реферат  •  497 Слов (2 Страниц)  •  458 Просмотры

Страница 1 из 2

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

РЕФЕРАТ

Пәні: Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

Тақырыбы: №1 СОӨЖ. Сөз тіркесіне талдау

Орындаған: Арыстан Әсема Бахытжанқызы

                                                 Тексерген: Иманалиева Ғазиза Қынуарбекқызы

Алматы 2022 ж.

№1 СӨЖ. СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ТАЛДАУ

Құрамында тұрақты, түйдекті, атаулы тіркесті 3 сөйлемді үлгі бойынша сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне  талдау. (БАҚ құралдары, көркем әдебиеттен алынған мысалдар, дереккөздерін көрсету).

Бірінші сөйлем:

Көзі ашық, көкірегі ояу (а) азаматтар (Б) // елге (т) қызмет етеді (б). (Халықтан шыққан қайраткер - Егемен Қазақстан газетінен)

Тұрлаулы мүшелер:

Бастауыш: азаматтар  (дара)

Баяндауыш: қызмет етеді  (күрделі)

Зат есім, атау септік, көптік жалғаулы

етістік

азаматтар // қызмет етеді  : атау септік формасы арқылы қиыса байланысқан, субъект предикативтік қатынас

Тұрлаусыз мүшелер:

Сөз тіркестерінің талдану реті тұрлаулы мүшеге жақын тұрған сөйлем мүшесінен басталады.

1. көзі ашық, көкірегі ояу // азаматтар: тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, есімді, күрделі сөз тіркесі; анықтауыш қызметіндегі атрибутивтік қатынасқа құрылған, сапалық мәнді

1. елге // қызмет етеді: тәсілі синтетикалық, барыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі; толықтауыш қызметіндегі, жанама обьектілік қатынасына құрылған, барыс септік тұлғалы, бағыттық мәнді

Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз

Көзі ашық, көкірегі ояу  тәсілі орын тәртібі, салаласа байланысқан сөз тіркесі, ыңғайлас мәнді

Қызмет етеді: түйдекті тіркес, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды.

Көзі ашық, көкірегі ояу : тұрақты тіркес, сондықтан өз ішінен сөз тіркесіне талданбайды.

Екінші сөйлем:

Қала үстіне біздің самолеттер де келіп қалды (Ғ.Мүсірепов).

Тұрлаулы мүшелер:

Бастауыш: самолеттер  (дара)

Баяндауыш: келіп қалды (күрделі)

Зат есім, атау септік, көптік жалғаулы

етістік

самолеттер // келіп қалды: атау септік формасы арқылы қиыса байланысқан, субъект предикативтік қатынас

Тұрлаусыз мүшелер:

Сөз тіркестерінің талдану реті тұрлаулы мүшеге жақын тұрған сөйлем мүшесінен басталады.

Біздің // самолеттер: тәсілі аналитикалық, орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі; анықтауыш қызметіндегі атрибутивтік қатынасқа құрылған.

1. қала үстіне// келіп қалды: тәсілі синтетикалық, жатыс септігін меңгерген, етістікті, күрделі сөз тіркесі;  пысықтауыш қызметіндегі, адвербиалдық қатынасына құрылған, мекендік мағына

Егер сөйлем мүшесі күрделі болса, тұрақты, атаулы, түйдекті болмаса, өз ішінен сөз тіркестеріне талдаймыз

Қала үсті //  түйдекті тіркес,  өз ішінен сөз тіркестеріне талданбайды.

Келіп қалды: екіншісі түйдекті тіркес (аналитикалық етістік) болғандықтан талданбайды.

...

Скачать:   txt (7.1 Kb)   pdf (237.4 Kb)   docx (58 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club