Сәкен Жүнісовтің драматургиясы
Автор: Kanatbe8k • Май 6, 2022 • Курсовая работа • 8,290 Слов (34 Страниц) • 329 Просмотры
[pic 1]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Ке АҚ университеті
"Қазақ әдебиетінің тарихы"
ПӘНІНЕН
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақыpыбы: Сәкен Жүнісовтің драматургиясы
Филология жəне педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Мамандық шифры | Оқу бөлімі |
6B01707-Қазақ тілі мен əдебиеті | Күндізгі |
Оpындаған: Сансызбай Қанатбек
Тобы: КОК-203
Тeксepгeн: фил.маг.,лектор Нуржаксина М.К.
Көкшетау 2022
[pic 2]
МАЗМҰНЫ
I.
Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Сәкен Жүнісовтің шығармашылық өмірбаяны
2.Сәкен Жүнісовтің шығармаларына жалпы шолу
3.Сәкен Жүнісовтің драматургиялық шығарма идеясы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ ұлттық драматургиясы бүгінгі күні жан-жақты даму үстіндегі жанр. Арнайы зерттеу нысанасына және жекелеген белгілі драмашыларымыздың шығармашылықтарын қарастыруда да бірнеше құнды еңбектер жазылды [1].
1970-1990 жылдардағы ұлттык драматургиямыздың даму, толысу және көркемдік жетістіктерін байыптау үшін өзге де қаламгерлердің пьесаларымен қатар-халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәкен Жүнісов драматургиясы жан-жақты сөз болуы қажет.
C. Жүнісовтің прозашылық шеберлігі соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымында әр қырынан зерттелініп келеді" [2]. Дегенмен суреткердің екінші бір мол шығармашылық саласы - драматургиясы арнайы зерттеу нысаны болмағаны да ескерілген жөн.
C. Жүнісовтің қазақ прозасы мен драматургиясына өзіндік жолымен үлес қосып келе жатқан суреткер екені белгілі. Кез-келген драматургтің пьесалары театрдың жақсы репертуары болуымен шығармашылық өнері бойынша шын бағасын алады. Соңғы 20-25 жылдағы ғалым, сыншылардың пікірлерінен С.Жүнісов пьесалары республика театрларында кезінде табысты қойылымына айналғанын, көпшіліктің ықыласына ие болғанын аңғарамыз [3]. Біз де осы жұмысымызда қалыптасқан пікірлерді басшылыққа алдық, дамыттық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазақ ұлттық драматургиясындағы Сәкен Жүнісов - драматургтін алатын орнын, драмашылық суреткерлік шеберлігін айқындау болып табылады. Мынадай нақты міндеттерді шешу алға қойылды:
• C. Жүнісовтің драмалық шығармаларын тақырыптық, идеялық, образдық тұрғыдан таразылап, дәстүр мен жаңашылдықтың орнын белгілеу;
• C. Жүнісов пьесаларындағы тартыс және характер мәселесін, көркем және тарихи шындықты таныту;
• Балалар драматургиясына, кинодраматургия саласына қосқан C. Жүнісов еңбегін , бүгінгі драмамен байланысын салмақтау;
• Замандас драмашылар шығармаларымен С. Жүнісовтің тақырып жағынан ұқсастығы мен өзгешелігін, байланысын анықтау;
• Аталған автордың драмалық шығармаларының көркемдік, тілдік шеберлігін таныту барысында инсценировкалаған шығармаларды текстологиялық жағынан салыстырып қарастыру;
• Қазақ ұлттық драматургиясының дамуына косқан С. Жүнісов үлесі мен алатын орнын салмақтау;
Тақырыптың ғылыми-зерттеліну дәрежесі. Академиялық және облыс театрларында әр жылдары қойылған C. Жүнісовтің пьесалары - әдебиет зерттеушілері мен театр танушылардың назарынан шет қалған емес [4]. Бірақ, аталған ғалым, жазушылар, өнертанушылар, театр сыншыларының жұмыстарында драмашы Сәкен Жүнісов пьесаларының - көтерген такырыбы, стилі, драмаларындағы тартыс, характер, жанрлық ерекшеліктері, инсценировкаланған шығармалары жайлы жалпылама түрде сөз болғанымен, бүгінгіге шейін қаламгердің өзіндік бітімін, стилін, қазақ драматургиясына не қосқанын жүйелеген бір түтас ғылыми еңбек жоқ.
...