Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұралаушы кластарды құру

Автор:   •  Ноябрь 22, 2018  •  Лабораторная работа  •  560 Слов (3 Страниц)  •  569 Просмотры

Страница 1 из 3

Лабораториялық жұмыс 13. Мұралаушы кластарды құру.

Тапсырмалар

1-нұсқа

Pair базалық класын анықтаңыз, өрістері: екі бүтін сан. Өрістерді теңдікке тексеру және (a,b)-(c,d)=(a-b,c-d) ережесі бойынша екі объектінің айырмасын табу әдістерін жүзеге асырыңыз. Туынды Рационал_сан класын құрыңыз, құрамында объектілерді (a,b)+(c,d)=(ad+bc,bd) ережесі бойынша қосу әдісін анықтап, объектілерді азайту әдісін (a,b)-(c,d)=(ad-bc,bd) ережесіне сәйкес қайта анықтаңыз.  

2-нұсқа

Радиус өрісі арқылы анықталатын Шеңбер базалық класын құрып, оның құрамында ауданды есептеуге және шеңбер радиусының мәнін еселеуге арналған виртуалды әдістерді анықтаңыз. Бұл кластан туынды Сақина класын құрыңыз, оның құрамында қосымша өріс – ішкі радиус жарияланады және базалық кластың виртуалды әдістері қайта анықталады, мұндағы сақина ауданын сыртқы және ішкі радиустардың айырмасы ретінде анықтаңыз, ал сақинаны еселеу функциясы екі радиусты қатарымен еселейтін болсын.

3-нұсқа

Pair класын құрыңыз, өрістері: екі бүтін сандық өріс. Өрістердің мәндерін өзгертуге арналған әдісті құрыңыз, екі объектіні салыстыруға арналған >, < операцияларын асыра жүктеңіз (егер obj1.p1>obj2.p1 немесе obj1.p1=obj2.p1 және obj1.p2>obj2.p2). Туынды Fraction класын анықтаңыз, өрістері: санның бүтін бөлігі және бөлшегі, екі объектіні салыстыру әдістерін қайта анықтаңыз.

4-нұсқа

Ұзындығы мен енін білдіретін өрістер арқылы анықталатын Тіктөртбұрыш базалық класын құрып, оның құрамында ауданы мен периметрін есептеуге арналған виртуалды әдістерді анықтаңыз. Бұл кластан туынды Трапеция класын құрыңыз, оның құрамында қосымша екі қабырғасын білдіретін өрістер  беріледі және базалық кластың виртуалды әдістері қайта анықталады.

5-нұсқа

Үштік базалық класын құрыңыз, өрістері: үш бүтін сан. Екі үштікті салыстыру әдісін құрыңыз (өріс мәндерінің қосындысы артық болған үштік үлкен болып саналады). Туынды Уақыт класын құрыңыз, екі уақытты салыстыру әдістерін қайта анықтаңыз.

6-нұсқа

Үлкен және кіші жартылай өстерінің ұзындықтарын білдіретін жабық өрістер арқылы анықталған Эллипс базалық класын құрып, оның құрамында ауданды есептеуге және эллипс өстерінің ұзындықтарын параллель еселеуге арналған әдістерді анықтаңыз. Базалық кластың жабық мүшелеріне қатынас құруға мүмкіндік беретін виртуалды қасиеттерді жазыңыз. Эллипс класынан туынды Шеңбер класын құрыңыз, оның құрамындағы қасиеттерді екі жартылай өстерінің ұзындықтарын бір-біріне тәуелді түрде тағайындайтындай (мәндері тең болу үшін) етіп қайта анықтаңыз.

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (181.8 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club