Тәуелсіздік ел тұғыры
Автор: 125430987647891 • Январь 28, 2021 • Сочинение • 946 Слов (4 Страниц) • 1,096 Просмотры
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді…
Авторы: ФБ-22ҚБ тобының студенті Сейсенбай Еркегуль
Елді-мекен: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Өлеңді ауылы
Тәуелсіздік ел тұғыры
Тәуелсіздік – ол қаншама адамның қанымен, көз жасымен келген ұлы жеңіс. Дәл осындай қиын қыстау заманда өрімдей жас қыздарымызбен, ер азаматтарымыз қандай қиындық көрді десеңші. Бізге сөзбен айтып, жазуға жеңіл болғанмен сол кездегі жәбір көрген халқымыз жай – күйі жеңіл болмады.Желтоқсанның он жетісі мен он сегізі күндері тарихта қалғанымен, осы кезеңде болған оқиғалар түгелімен бізге жеткен жоқ. Көтеріліс күні алаңда қанша адам болғаны да нақты көрсетілмеген. Соған қарап – ақ оқиғаның біз білмейтін құпиялары бар екенін айтуға болады. Алаңда жиырмы мыңға жуық көтерілісшілер болған екен, олардың 99 – ы сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Сонда қалай болғаны, қалған қандастарымызды нестеді? Оларды қаланың шетіне шығарып, қыстың қақаған аязында, далада ұстады.Қаншама жас қыздарға зорлық – зомбылық көрсетіп, оларды мазақ етті. Бірақ халқымыз қанша қиындық көрседе өз дегендерінен қайтпады, алайда қатты қысым көрсеткен соң ғана солардың сөзін сөйлеуге мәжбүр болғандар да. Мен айтып отырғандар ол тек бер жағы ғана ғой, қандай зұлым әрекеттер жасалғаны, кімді қалай қинап өлтіргендігі бізге беймәлім.Осы оқиғаны естіген кезде мені қынжылқан бір нәрсе бар. Ол сол кезде билік өкілдерін қолдап, өзінің қандастарын аямай соққыға жыққан, өлтірген әскери қызметкерлер мен милиция өкілдері.Тым болмағанда оларға сол жерден қашып кетуге немесе бір жерге барып тығылып қалуға көмектескенде ғой. Қазақ қазаққа жаны ашымаған соң басқаларынан не күтесің. Қанша адамның көз жасы, қаны төгілді сонда да оны ешкім елеп ескеріп жатпады. Тәуелсіздік жолында қанша адам өмірден озды, тірі қалғандары болса олар өмір бойы тек қиындық көріп өтті. Осы оқиға орын алмағанда біз сонда әлі КСРО- ның қол астында болар ма едік?! Әлі күнге дейін әміршіл- әкімшіл жүйені қолданып қыздарымыз күң, ұлдарымыз құл болып жүрер ма еді… Сол бір оқиға болмағанда біз қаншама қандастарымыздан айырылмас па едік? Осындай сұрақтар мені жиі мазалайды. Сұрақтың жауабын кімнен, қашан алар екенмін. Жоғары билік өкілдері желтоқсан оқиғасының тарихи мағыналық маңызын жоғарлатқанымен оларда шындықты ашып айтпайды. Сонымен, жабулы қазан жабулы күйінде қала берді.Тіпті байқап қарап отырсақ осы көтеріліс туралы кинолар шыққанымен, ол жерде көтеріліс кезінде болған оқиғалар басқаша баяндалып, бізге көрсетіледі.«1988-89 жылы фильмді бастағанда, маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» дейді Қалдыбай Әбенов ағамыз өзінің «Аллажар» киносын түсіріп бастар алдында. Көтеріліс кезіннен не фотосуреттер, не болмаса видеолар жоқтың қасы. Бірақ Қалдыбай Әбенов сияқты ағаларымыз барынша тырысып, оны бізге жеткізу үшін көп еңбек сіңірді. Осындай кинолардың, әңгімелердің арқасында сол уақытта не болғанын білуге болады. Киноны көргенде намысымыз оянып, сол кездегі халықтың жай-күйін түсіне бастағандай боламыз. Алайда біздің қазіргі заманның адамдары сол кезде болғанда олар осындай әрекет жасамаста еді, әркім өз қара басының қамы үшін ғана күресіп, тіпті жау қолына бір-бірін ұстап берер еді. Дегенмен, қазірге сол кездегідей намысшыл ер-азаматтырымыз әлі де бар.
...