О.Бөкейдің "Атау кере" повесінің композициялық ерекшелігін талдауда зерттеушілік әңгіменің маңызы
Автор: kamzinaliazat • Октябрь 6, 2022 • Статья • 1,865 Слов (8 Страниц) • 2,176 Просмотры
О.Бөкейдің «Атау кере» повесінің композициялық ерекшелігін талдауда зерттеушілік әңгіменің маңызы[pic 1]
КАМЗИНА ЛАЗАТ САГИНДЫКОВНА –Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
Аңдатпа
Мақала О.Бөкейдің «Атау кере» повесінің «Соңғы сапар» тақырыбы бойынша шығарманың композициялық ерекшелігін талдауға арналған тапсырмалар жүйесіне құрылған. О.Бөкей шығармасының мифтик сипатын таныта отырып, жеке, топтық, жұптық тапсырмалар берілген. Оқушылардың бойында әдеби шығарманы жетелеу сұрақтары арқылы терең талдау жасауға, жанрлық ерекшелігін танытуға бағытталған.
Аннотация
Статья содержит систему заданий на анализ композиционных особенностей повести О.Бокея «Атау кере». В статье даны индивидуальные, групповые и парные задания раскрывающие мифологический характер произведения. Направлен на глубокий анализ произведения путем наводящих вопросов у учащихся, выявление жанровой специфики.
Summary
The article contains a system of tasks for analyzing the compositional features of O. Bokey's novel "Atau Kere." The article gives individual, group and paired tasks that reveal the mythological nature of the work. It is aimed at in-depth analysis of the work by leading questions from students, identifying genre specifics.
Тірек сөздер: Диалогтік оқыту, зерттеушілік әңгіме, сұрақ қою, шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшелігін айқындау, креативті ойлау
Ключевые слова: Диалогическое обучение, исследовательская беседа, определение композиционных особенностей произведения в зависимости от жанра, творческое мышление
Key words: dialogic training, research conversation, determination of composition features of the work depending on the genre, creative thinking
Білім беру саласында қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Көркем шығармамен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. [4] Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.
Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:
- тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
- сараланған тапсырмаларды ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;
- проблемалық оқытуға негізделуі;
- бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы. [1]
Осыған орай сабақтағы тапсырмалар да осы негізде құрылады.
Қазақ әдебиеті сабағында білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің негізгі мақсаты. «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған. [2]
О.Бөкей шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. «Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондықтан «Атау кере» повесінің «Соңғы сапар» тақырыбына өткен сабақтың өту барысымен бөлісемін.
...