Дыбыс үндестігі, оның түрлері
Автор: pirzhanova • Октябрь 14, 2018 • Практическая работа • 2,433 Слов (10 Страниц) • 1,628 Просмотры
Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 5«Ә» Уақыты: 12.03.2015.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі, оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Дыбыс үндестігінің түрлері - ілгерінді ықпалдың, кейінді ықпалдың, тоғыспалы ықпалдың жасалуын түсіну, қолдану.
2.Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, сабаққа деген қызығушылық-
тарын тудыру, ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ізденгіштікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, талдау, тест, ауызша - жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой қозғау, венн диаграммасы, кубизм.)
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, смайликтер, үлестірме қағаздар, бағалау смайликтері.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.
2. Көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады,
3. Ой қорытады.
4. Пікірлерін айтады.
5. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, сабаққа назарын аудару, сабақ барысында смайликтермен бағалап отыратынымды айтамын.
2.Үй жұмысын тексеру
Жылдамдық сұрақтары:
1-топ: 1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыстау мүшелерін атаңдар.
3. Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар, дыбыс еместер нешеу, қазақ
тіліне тән дыбыстар нешеу.
2-топ:1. Дауысты дыбыс дегеніміз не, нешеу?
2. Дауысты дыбыстың түрлерін ата.
3. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не, нешеу?
3-топ:1. Дауыссыз дыбыстың түрлері.
2. Буын, оның түрлері.
3. Дыбыс пен әріп дегеніміз не?
4-топ: 1. Тасымал дегеніміз не?
2. Үндестік заңы, буын үндестігі.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
3. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Ашса, тастан, ала қап, Сәтбек, құрбы-құрдас.
Асшы, он бес, ақ лақ, тарақ-тарағы, Бозжігіт
Досжан, Есенкелді, Қосжан, астан-кестен.
Ой қозғау. Ал енді мына жазылған сөздерге қараңдаршы, не байқап тұрсыңдар? Қандай ой келеді?, / Балалар, ықпал деген не? Осы ықпал сөзін естігенде қандай ой келеді?
(2 мин) тақтада тексеремін.
2. Мағынаны тану.
Топтық жұмыс. Әр топ осы тақырыптарды оқулықтан оқып қорғайды (ауызша).
1 - топ. Дыбыс үндестігі.
2 - топ. Ілгерінді ықпал.
3 - топ. Кейінді ықпал.
4 - топ. Тоғыспалы ықпал.
Жаттығумен жұмыс (жазбаша)
1-топ: 328-жаттығу.
2-топ: 329-жаттығу.
3-топ: 330-жаттығу.
4 топ: 331-жаттығу.
Кубизм стратегиясы.
1-топ: Салыстырыңыз. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігін салыстырады.
Буын үндестігі | Ортақ | Дыбыс үндестігі |
1.Фонетиканың зерт- тейтін мәселесі. 2.Үндестік заңы. 3.Дауысты дыбыстар- дың үндесуі. 4.Біріңғай жуан немесе біріңғай жі- ңішке болады. 5.Буын үндестігіне ба- ғынбайтын қосымша- лар бар, кірме сөздер буын үндестігіне ба- ғынбайды. 6.Сөздің ішінде, түбір мен қосымшаның арасында. | 1.Фонетиканың зерттейтін мәселесі. 2.Үндестік заңы. 3.Дыбыстар үндеседі, ықпал етеді. 4.Сөздің ішінде, түбір мен қосымшаның арасында. | 1.Фонетиканың зерт- тейтін мәселесі. 2.Үндестік заңы. 3.Қатар тұрған дыбыс- тың бір-біріне ықпал етуі 4.Дауыссыздың дауыс- сызға немесе дауысты- ның дауыссызға әсері. 5.Үш түрі бар. Ілгерінді, кейінді,тоғыспалы ықпал 6.Жазуда ескерілетін, ескерілмейтін орындары бар. |
2-топ: Зерттеңіз. Оқушыларға тақырыпқа байланысты сөздер беріледі, сол сөздерден дыбыс үндестігінің үш түрін анықтап, үш бағанға бөліп жазу керек.
...