Бір ғана тіл?
Автор: Ainura_05 • Декабрь 19, 2022 • Статья • 524 Слов (3 Страниц) • 255 Просмотры
Көркем шығарма тілі, ерекшелігі
«Бір ғана тіл?»
Кілт сөздер: жалғыз тіл, түрлі мүмкіндік, дәстүр, мәдениет, даралық.
Шынайы өмірде ешқашан іске асырылмайтын, әртүрлі гипотетикалық жағдайлар туралы ойлау қашан да қызықты. Адамның ойлануға көп уақыты бар, сондықтан кейде қиялға ерік беріп, түрлі оқиғаларды елестетуге болады. Кейбір жандар болашағын, отбасын немесе түрлі мәселелерін ойласа, ал мені “егер барлық адам, бір тілде сөйлесе не болады?’’ - деген ой толғандырады. Бірінші кезекте, ойға әрине тек позитивті тұстары келеді. Соларға тоқталсақ.
Әлемде бір ғана тіл болса, барлығымызға үлкен мүмкіндіктер есігі ашылатыны сөзсіз. Кез келген елге оңай саяхат жасап, ешқандай шекаралар болмас еді. Фильмдер, кітаптар, музыканың бәрі түпнұсқада ғана болады. Мысалы, дубляж жасалып, редакциядан өткен кітаптар мен фильмдерде автордың қоғамға жеткізгісі келген ойы, дұрыс берілмеуі мүмкін. Түпнұсқада болса, біз автордың өзіндік стилін, сол бір жеткізгісі келген ойын жақынырақ сезініп, түсінеміз. Бұдан бөлек, өзге тілдегі мәліметтер оңай қолжетімділікте болады. Елдер арасында қақтығыстар азайып, тіл білмеу проблемасы жойылады. “Біздер’’, “олар’’, “аналар” деген топқа бөлінулер, тіптен жоқ болуы мүмкін. Осыған байланысты кез келген адам өзінің жан қалауына байланысты, кез-келген мемлекетке барып жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Қарап тұрсақ әлем керемет болатындай, иә?
Ендігі кезекте, бұл ойды кеңінен қарастырайық. Біріншіден, бүкіл әлем бір тілде сөйлесе, ең алдымен әр ұлттың өзіндік даралығы жойылады. Адамдар бір - біріне ұқсап, кімнің қай ұлт өкілі екендігін ажырату қиындық туғыза бастайды. Осыған байланысты мәдениет пен дәстүр түрлері азайып, олар барлығына ортақ болады. Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері аз және басқа халықтармен ортақ болғаннан кейін, жаңа мәліметтердің пайда болуы бәсеңдейді. Шет елге барғанменен, ол жақта біз білмейтін өзгеше ешнәрсе болмайды. Өйткені бір тіл, бір дәстүр, бір мәдениет. Осыған байланысты, адамдардың ойлау қабілеті төмендейді. Себебі, тіл - ақылдың өлшемі.
...