Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

“Абай жолы” романы

Автор:   •  Ноябрь 26, 2023  •  Реферат  •  1,405 Слов (6 Страниц)  •  179 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

     Әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық Университеті


[pic 1]

      CӨЖ

Тақырыбы:« “Абай жолы” романы »

                       

                       Орындаған:Н.Чупан

                       Қабылдаған:Ө.Әбдиманұлы

                                             

                                               2023жыл

Жоспары: 

І.Кіріспе........................................................................

ІІ.Негізгі бөлім.............................................................

  а)романның қазақ әдебиетіндегі маңызы

  б)романның  басты идеясы

  в)романдағы уақыт пен шындық

  с)романдағы кейіпкерлер жүйесі

ІІІ.Қорытынды.............................................................

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер...................................

                                     “Абай жолы” роман эпопеясы-қазақ                          

                                                       өмірінің энциклопедиясы

                                                                                      Қ.Сәтбаев

     І.Кіріспе

          "Абай жолы" М. Эуезовтің қаламынан туған бұл  ұлы эпопеясы әлем халықтары ой-санасында қазақ жұртшылығын, қазақ сахарасын, Қазақстан келбетін жарқырата танытып, көшпелі халқымыздың адамзат мәдениетіне қосқан  үлес - қарымын айқын айғақтап берген мәдени мұра.

       "Абай жолы!" Бұл - ұлттық болмысымыздың табиғатын терең тексере танытқан халықтанытушы көркем энциклопедия , ХІХ ғасырдағы дала заңының жиынтық қамұсы іспетті.

          "Абай жолы!" Мұны ғасырлар бойы үрдіс дамыған бабалар тілінің ең қиын - қыстау, сын өткелге тап келіп, қырық, елу, алпысыншы жылдарда, одан беріде де бабалар тілін жоғалтпау үшін біздерге мызғымастай, қалыптат құйып  беріп кеткен заңғар ескерткіш десек те болады.

         "Абай жолы!" Бұл ұлт ұлт болудан қалып, елдіктен жұрдай бола бастаған шақта, дінді аластап, иман - құдіретті маңдайға теуіп, "ақтабан шұбырынды" алапатының он есе ұлғайған тажал көрінісі бейбіт халықты іргеден түре бастағанда, көзден - жас, көңілден - хош, кеудеден, жан шығып жатқанда "езу жымитқан", демек жантәсілім, өліара сәтте санаға сіңе сілкіндіріп - рухтандырған өмірсүйгіш, оптимистік туынды. "Уды у қайтарады" демекші, халық төбесінен төнген касірет - дертті Әуезов суреттеуіндегі ұлы Абай басындағы айықпас мұң, нала- қайғы - капа мен бітіспес күрес - тартыс қана жеңілдеткен, әл - дәрмені жеткенше кері

кайтарған.

       ІІ.Негізгі бөлім

а) романның қазақ әдебиетіндегі маңызы

         Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор.Эпопея қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін көтерді, жаңа эстетикалық игіліктер жасады, тақырыптық ауқымын кеңейтті. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Эпопеядағы мол қуат, алуан сөздер, күйлер, бояулар, образдар, идеялар романды әлемдік әдебиеттің үздік туындылары қатарына қосты. Әлемнің 116 тіліне аударылған роман-эпопея 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларының өзінде роман-эпопея жиырмаға жуық қайта басылып шығыпты. Соңғы рет белгілі жазушы, аудармашы Анатолий Кимнің жаңа, тың аудармасымен басылды. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдары түрік, иран тілдеріне  аударылды.

      б) романның басты идеясы

     Роман-эпопеяның, негізгі идеялық өзектерінің бірі деп М. Эуезов 1937 жылы жариялаған «Татьянаның қырдағы әні» деген үзіндісі «Абай жольның» екінші кітабының соңғы тарауы больп өңделіп, кеңейтілді, үлкен шығарманың  тағдырында елеулі қызмет атқарды. М.Әуезов: «Бұл - романның хабаршысы еді. Даньшпан Абайдың бейнесі арқылы тарихи тағдырлары шосылған екі елдің- ұлы орыс халқы мен қазақ халқының достығын, ол достықтың қадамы игілікті, болашағы жарқын екенін Абайдын жақсы түсінгенін суреттеу- романның түпкі мақсаты болатын. Осы тұрғыдан «Татьянаның қырдағы әні» жазылды»-деп түсіндіреді.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (157.6 Kb)   docx (329.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club