Театр өнері,пайда болуы,ерекшеліктері
Автор: sezimkasym • Февраль 24, 2022 • Реферат • 435 Слов (2 Страниц) • 551 Просмотры
- Театр өнері,пайда болуы,ерекшеліктері
Театр- музыка, әдебиет, архитектура, кескіндеме, би және кинематографиялық амал тәсілдерін біріктіретін өнер түрі.Театр сөзінің мағынасын ашар болсақ, грек тілінен аударғанда «ойын-сауық» дегенді білдіреді.Театр өнері сахна мен көрермен арасындағы ой сезімнің бір-бірімен ұштасуын талап етеді.
Театрдың шығу тарихы ежелгі Грекиямен байланысты десек те болады.Жалпы алғанда, ежелгі аңшылық, ауылшаруашылық және дәстүрлі мерекелеріндегі ойын сауық көріністері осы театр өнерінің негізін құрайды. Афиныда Дионис құдайы құрметіне фестивальдар өткізіліп, жүзім өсірумен жəне шарап өндірумен байланысты əр түрлі маусымдық жұмыстармен - театрдың пайда болуы сəйкес келеді.Театр дамуының алғашқы кезеңдерінде халықтық мерекелерде – ән,би,музыка және драмалық көріністер үздіксіз байланыста болған. Театр өнерінің бастауы- сол кездегі қоғам өмірінің іргелі сәттерімен байланысты қарабайыр пұтқа табынушылық рәсімдерінде жатыр. Табиғат құбылыстарының белгілі бір құдайда бейнеленуі- құдайлармен диалогтың бір түрін қажет етті.Сол арқылы еелгі тұрғындар өмірінің алуан рәсімдерінде, маңызды сәттерінде, өмірлік маңызды оқиғалар ойналды,яғни, театр түрінде көрсетілді.
Жалпы, театр өнерінің пайда болуы демократиялық полистермен тікелей байланысты, себебі ол кезеңде əр азамат өз мемлекетінің саяси жəне əлеуметтік өміріне қатысуды - өзінің міндеті деп санады.Одан әрі даму барысында театр өнерінің негізгі үш түрі қалыптасты: драма театр,опера және балет,сонымен қатар аралас формалар. Д.П. Каллистовтың жазуы бойынша, театр - өзінің дінмен байланысының арқасында, алғашқы бұқаралық өнердің біріне айналғанын, ал бұл өз кезегінде, театр қойылымдарында, сонда жиналған азаматтардың - адамгершілік, этикалық жəне қоғамдық-саяси мəселелерді талқылайтындығына əкелді.
...