Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Культурологии"

Автор:   •  Май 13, 2023  •  Контрольная работа  •  4,789 Слов (20 Страниц)  •  106 Просмотры

Страница 1 из 20
  • Ботай мәдениетін сипаттаңыз

Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжаржебеніңнайзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпунинежуалдызтескіштертұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.

  • Скиф-сібір аң стилі, пайда болуы және дамуын анықтаңыз

Скиф сібір аң стилі аң стилінің б.з.б VII-IV ғғ.дағы скиф сібір әлеміне тән тармағы, аң суреттерін салудың ерекше мәнерімен бөлінеді. Еуразияның даласында және оңтүстік Сібірде кейінгі қола, ерте темір дәуірлерінде кеңінен тараған. Аң стилі Орталық Азияда б.з.б XIII-IX (Карасук мәдениеті) ғғ. қалыптасып, IX-III ғасырларда гүлдену шегіне жетеді. Аң стилі өз көрінісін петроглиф суреттері мен жерлеу орны артефакттарынан тапты. Жалпы кездесетін аңдарды төрт түрге жіктеуге болады:

1. тұяқтылар тобы (қабандар, бұландар, бұғылар, жылқы, т.б.)

2. жыртқыштар (мысықтектестер, қасқырлар, аюлар)

3. құстар (негізінен жыртқыш түрлері)

4. фантастикалық аңдар (грифон)

 Скиф аң стилінде аң позаларының шектелген жиынтығымен ерекшеленеді. Оларға бүктеліп жатқан жыртқыштар, аяғын бүгіп жатқан мүйізі арқасына қарай тараған бұғылар жатады. Аң стилінде орындалған әшекей бұйымдар мен басқа артефакттардың басым бөлігі жерлеу орындарынан табылғандықтан, олардың сакралды мағынасы бар екенімен ғалымдардың көпшілігі келіседі. Аң стилі көрсететін кейіпкерлер мен сценалар (жыртқыш пен тұяқтының арпалысуы) ықшамды да әрі терең мағыналы болған, қоғамның әрбір мүшесіне түсінікті ойды білдірген. Археолог Е.Д.Паульстің айтуы бойынша аң стилінде көркем бейне арқылы сақ зергерлері қарама қарсы мағыналардың ұйқасын жеткізген. Мәселен, аң бір уақытта қозғалыс пен экспрессия көрсетіп, дәл сол уақытта гармония мен тепе теңдікті білдірген болуы мүмкін. Аң стилі б.з.б VI-III ғғ. Пазырық мәденетінен көп кездеседі. Табылған артефакттардың біріне сақ көсемінің бас киімі жатады. Оның ұшы ағаш пен теріден жасалған грифон бейнесімен әшекейленген, бұл қарапайым қоғам мүшелеріне көсемнің авторитеті мен билігінің күшін білдірген.

  • Қола дәуіріндегі тау-кен ісі және оның маңызы

Қазақстан аумағы мыс, қалайы, алтын секілді пайдалы қазбаларға бай екені қола дәуірінен бері белгілі болды. Мыстың ежелгі кен орындарына Жезқазған, Зыряновск, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Күшікбай, қалайы кен орындарына Атасу, Қалба, Нарым, алтын кен орындарына Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек жерлері жатады. Энеолиттен бастап мысты тотықтанған кентастарды алу мен балқыту кең тарады. Ежелгі кеншілер малахит, азурит, кассетерит секілді кентастарды өңдей білді, олардан мыс пен қалайы алды. Шахтаның жанында су көзі болуы мүмкін. Онда бос жыныстарды ажырату үшін кентас жуылып, уатылған. Ұсақ, уатылған кентастар қонысқа апарылып, арнайы қорыту пешінде балқытылған. Осындай пештер Андронов мәдениетіне тән Атасу, Суықбұлақ, Қонай ауылдары маңындағы қоныстардан табылды. Қорыту кезінде мысқа қалайы қосылып, керек формаға жеткізілген. Ежелгі кеншілер нәтиже қалайы көлеміне қарай омырылғыш, немесе иілгіш әрі жұмсақ болатынын жақсы білген. Археолог Е.Н.Черных Қазақстан тау-кен-металлургия облысын (ТКМО) Еуразия тау-кен-металлургия облысынан алғаш рет бөліп қарастырды. Ол бүкіл Орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан бөлігіне тарап, Сарыарқаны, батыста Торғай ойпатын, солтүстікте Батыс Сібір жазығын, оңтүстікте Балқаш жағалауын, шығыста Алтай мен Тарбағатай тауларын қамтыды. Осы өңірде оңдаған ежелгі кен орындары табылған. 1946 жылы Ә.Марғұлан Орталық, Солтүстік Қазақстан археологиялық ескерткіштерін, оның ішінде ежелгі тау-кен ісі орындарын жүйелі түрде зерттей бастады. Одан кейін Валукинский, Черников, Қадырбаев, Құрманқұлов, Кузнецова, Жауымбаев, Берденов сынды археологтар өз үлестерін қосты

...

Скачать:   txt (70.1 Kb)   pdf (179.1 Kb)   docx (218.8 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club