Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Культурологии"

Автор:   •  Декабрь 15, 2021  •  Контрольная работа  •  3,944 Слов (16 Страниц)  •  1,113 Просмотры

Страница 1 из 16

Мәдениеттану

Кредит № 1

1.Мәдениет туралы антропологиялық түсінік. Теориялардың мысалдары.

2. Мәдени код. Мәдени код теориялары саласындағы теоретиктердің көзқарастарына негізделген мәдени кодтың мысалдары.

3. Мәдениеттің «осьтік» формалары »дегеніміз не? Олардың «осьтік уақытпен» байланысын және адамзаттың рухани дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.

4. Мәдениеттің материалдық және рухани құндылықтары. Мысалдар. Айырмашылықтар.

5. Мифтің, діннің, өнердің, саясаттың рәміздері. Мысалдар. Өзара байланыс.

Кредит № 2

6. Көшпенділіктің негізгі сипаттамалары

7. Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы

8. Қазақтардың өмірлік циклінің негізгі ережелері  

9. Кеңестік Қазақстан мәдениеті

10. «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы

1.Мәдениет туралы антропологиялық түсінік. Теориялардың мысалдары.

Мәдениет туралы антропологиялық түсіндірме: : мәдениет  - адам мен қоғамның өмір сүру бейнесі («антропос» грек тілінен – адам) деген мағынаны береді.

Э. Тайлор: мәдениет анықтамасы

Мәдениет анықтамасын беруде алғашқы қадам жасаған ағылшын этнограф Эдуард Бернард Тайлор. Ол мәдениеттің қоғам өміріндегі көптеген көріністерін қамтитын кең ұғымды берген:«Мәдениет – бұл білімнің, сенімдердің, өнердің, құндылықтардың, заңдардың, әдет-ғұрыптардың және қоғам мүшесі ретінде адам игеріп алған басқа да қабілеттер мен әдеттердің жиынтығы» («Алғашқы қауымдық  мәдениет»(1871)

 Мәдениетті эволюциялық тұрғыдан түсіну

Э.Тайлор: «өмірді жақсарту үшін адамдар моральдық нормаларды, басқарудың парламенттік түрін, моногамияны, капитализмді, киімнің қазіргі стилін және т.б. ойдан тауып шығарған. Адамдардың әрбір кейінгі ұрпағы алдағы ұрпақтан гөрі басқа, көбірек алға басқан мәдени жағдайда өмір сүреді. Тәрбие көрген және мәдениетті адамдар қоғамда неғұрлым көп болса, соғұрлым ол дамыған болады. Мәдени прогрестің ең биік шыңына жеткен  батыс қоғамы»

Л. Уайт: «мәдениет — бұл адам тегі үшін өмірді қауіпсіз және ұзақ ететін тәсіл. Бір тәсіл басқа тәсілден тәуір болуы мүмкін»

«Бір адам басына келетін тұсау салынған энергияның мөлшері көбейген сайын мәдениет алға басып келеді, немесе энергияны басқарудың тәсілдер тиімділігі немесе экономиясы, әлде екеуі де бірге өскенде».

Ф. Боас: мәдениет тұжырымдамасы

Франц Ури Бóас (1858-1942), американдық антрополог «Американдық үндістердің тілдерінен жетекшілік» (1911—1922); Нәсіл, тіл және мәдениет»

 -Мәдениет мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы, оларды адам өсу-есею барысында және белгілі мәдени рөлді қабылдағанда игеріп алады- Әр мәдениеттің өзіне тән  бірегей даму жолы бар

З. Фрейдтің мәдениет туралы натуралистік  тұжырымдамасы

З. Фрейдтің пікірінше, мәдениет адамның жыныстық құштарлықтарын моральдық нормалармен және қоғамның әдет-ғұрыптарымен басып-жаншитын бірінші тыйым салу («табу») арқылы және сонымен бірге пайда болған. Цивилизация әкесінің билігі мен беделіне қарсы шыққан әлсіз ұлдардың бірігуі негізінде пайда болған.

 Мәдениеттің дамуы адам бақытының азаюына және кінә сезімнің көбеюне апарып, сонымен бірге тілектерді басып тастағандықтан қанағатсыздықты көбейтеді. Мәдениеттің даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, адамның бақытсыздығы солғұрлым көбееді. Фрейд христиандық европалық мәдениетке оның адамға өте қатаң тыйымдар салғаны үшін (Моисейдің 10 өсиеті үшін) өте негативті баға берген

 К. Леви-Стросс мәдениет туралы

Леви-Стросс Э.Б.-Тайлор берген мәдениет туралы анықтамасына сүйенеді.  Леви Стростың  пікірінше, «мәдениет» және «қоғам» ұғымдары бір-бірінен онша алыс емес, өйткені адамның жануардан бөлініп кетуін көрсетеді. «Біз мәдениет деп әрбіреу этнографиялық көпшілікті айтамыз,  оны зерттеу барысында бұл көпшілік басқа көпшіліктермен салыстырғанда, өзінің мәнді айырмашылықтарын көрсетеді». Мәдениет белгілі қоғам үшін маңызды ерекше нормалардан және (әйелдерді, мүлікті,  қызмет көрсетуді, хабарды) алмастыру ережелерінен тұрады. Ол мән-мағыналар жүйесінің жиынтығы (тіл, туыстықтың деңгейлері, әлеуметтік ұйым, өнер… сияқтылардың), яғни белгілі қоғамның ерекшеліктерін жинап сақтайтын механизмі болып шығады

...

Скачать:   txt (56.9 Kb)   pdf (150.6 Kb)   docx (25.4 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club