Елеуметтік жағынан қорғауға
Автор: Nazgul Kudaibergen • Сентябрь 25, 2021 • Доклад • 528 Слов (3 Страниц) • 278 Просмотры
Ең әуелі халықтың әлеуметтік жағынан қорғауға жататын топтарды анықтап алсақ. Бекітілген ереже бойынша олар мыналар екен:
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар;
2. I және ІІ топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
3. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
4. заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
5. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 6. кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетім балалар жатады.
7. оралмандар;
8. экологиялық зілзалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
9. көп балалы отбасылары;
10. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттірін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11. Толық емес отбасылары.
«Нұр Отан» партиясының съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткізуді негізгі басымдық ретінде атады. Парламент Сенаты Елбасының жаңа әлеуметтік доктринасын заң жүзінде қолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекет 2019-2021 жылдары негізгі әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бюджеттен 2,3 триллион теңгеден астам қаржыны қосымша бөледі. Қазіргі дүниедегі мемлекеттердің ішінде халқының санына қарай табысы аз азаматтарға осындай ауқымды әлеуметтік көмек көрсететін елдер аз», - деп жазды Қасым-Жомар Тоқаев.
...